8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
Сабақтың сапалы да әсерлі өтуі көп жағдайда мұғалімнің өзінің және басқалардың табысы
мен қателіктеріне талдау жасай білуіне байланысты.
Сол себепті өз сабағын талдау және педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент
болып табылады. Өз жұмысыңды талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы.
Оның сапасы әр түрлі факторларға атап айтсақ мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына
байланысты талдауға сабаққа дейін немесе сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы кезде
мұғалім сабаққа дайындалғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақты талдауға әр қырынан келу баяндалған. (Зотов Б.Ю
Организация современного урока. М, 1984; Махмутов М.И. Современный урок. М.1985).
мұғалімнің сабағын талдау және бағалау осы аталған тәсілдердің ішінен қолайлысы Т.А.
Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады.
Ол өз сабағын талдауға баға берудің мұғалімге 10 түрлі өлшемдері бөліп қарастырады.
Осы сызбаны қысқарған және өзгертілген түрінде берейік.
1. ^ Сабақтың жалпы құрылысы
Аталған сабақ сабақтық қай типіне жатады? Оның басқа сабақтар жүйесіндегі орны
қандай?
Бұл типі сабақ элементтері анық ажыратылған ба, сабақтың әр бөлігіне дұрыс белгіленген
бе?
2. ^ Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру
Сабақта бәрі ашылып көрсетілді ме? Оқушылар жаңа материалды игеруде қаншалықты белсенділік көрсетті? (қабылдау, түсіну)
Жаңа материалды үйрену жоспарын осы тақырып ( сұрақ) бойынша бағдарламаның барлық талаптарға орындалған ба? Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру қалай жүзеге асты? ( оқушылар қалай қамтиды, оларды жауапқа шақыру ұстанымдары және т.б.) Оқушыларға саралап оқыту болды ма?Сабақтың қандай кезеңдерінде ? Қалай?
3. ^ Оқу үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру
Оқушыларды басты ойлау әрекетінде тарту орын алды ма?( талдау, жинақтау, қорыту, жіктеу, жүйелеу)? Оқушының күші жететін қиындықтарды жеңу ұйымдастырылды ма? Интелектуалдық ояну сарыны байқалды ма? Пәнаралық байланыстар іске асты ма? Шығармашылық ойлау құралдары қолданылды ма? Оқушының эстетикалық дамуына орын бар ма? Бұл үшін қандай кұралдар пайдаланылды ( мәселелік элементтері, шығармашылық сипатындағы тапсырмалар)? Сабақта жалпы даму үшін ақпарат берілді ме? Егер болса, онда- оқушылардың баяндамаларында, мұғалімнің толықтыруын да болды ма?
4. ^ Сабақ үрдісіндегі тәрбие
Оқу материалының мазмұнында барлық тәрбиелік мүмкіншіліктер пайдаланылды ма? Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жұмысы жүргізілді ме: дүниетанымдық идеяларды түсіндіру, қатынастарды, құндылық пайымдауларды қалыптастыру, оқушылардың өмірмен байланысы іске асты ма? Адамдарға гумандық, еңбекті сыйлау және оқудың нәтижелеріне дұрыс көзқарастың қалыптасуына сабақ не әсер етті ? Сабақта өмірмен байланыс қалай қамтамасыз етілді?
Білім бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктері болды ма? Мұғалімнің жеке өз басының тәрбиелік әсері қалай болды?
5. ^ Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау.
Оқу қағидаларын жүзеге асыруда мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері дұрыс ұйымдастырылды ма? Өзіндік жұмыс қалай қолданылды, ол өте ауыр емес пе? Оның көлемі қандай болды ? Ол жеткілікті түрде жекеленген және бе? т.б.
6. ^ Оқыту әдістерін тандау
Жаңа сабақты түсіндіру әдісі дұрыс таңдалған ба? Оқытудың техникалық құралдары
қоланылды ма? Оқушыларды өзіндік жұмысқа толығамен қатыстыру мүмкіндігі толық
қолданылды ма? Оқытудың қажетті техникалық құралдары қоланылды ма? Мақсаттар
көрсетуге алдық па? Сол көрсетулерден мұғалім нелерді ала алды? Оқушылардың
білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдану әдістері мен тәсілдерінің түрлері
жеткілікті болды ма? Тапсырмаларды орындауда оқушылар дербестігінің дәрежесі өсіп
отырды ма?
Бақылау мен тексеру әдістері рационалды болды ма? Бақылау жазу? Қателермен жұмыс
жасау қалай ұйымдастырылды, орны бар ма?
Оқыту әдісін таңдаудың жалпы талаптары сақталды ма?
7. ^ Мұғалімнің сабақтағы жұмысы
Сабақты бастауға барлық қажетті нәрселер дайын ба? Мұғалім сабақта конспектіні дұрыс қолдана алды ма? Мұғалімнің ұйымбастырушы қызметін мен оқушының танымдық әрекетінің ара қатынасы қандай болды? Сабақта мұғалім әрекетінің қандай түрлері орын алды және олардың ара қатынасы қандай болды? ( мұғалім сөздік әрекеті, тыңдауы, жазуы, өзіндік жұмыста оқушыларға көмек көрсету және басқалары)? Оқушылар жұмысын ұйымдастырудың қандай тәсілдері қолданылады? Сыныппен арада байланыс орнады ма? Әсеке оқушылармен ше? Мұғалімнің сыртқы түр-тұлғасы қалай болды? (киім, шаш т.б. оқушының көңілін сабақтан бөлетін артық нәрсе болды ма?)
8. ^ Сабақтағы оқушының жұмысы.
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексерілді ме? Сабақтың әр кезеңінде оқушы қалай белсенділік танытты? Оқушының сөйлеу, тыңдау, жазу әрекеттері қалай болды?
Еңбек мәдениетіне көңіл бөлінді ме? (жазба жұмыстары, оларды рәміздеуі, оқулықты күтіп ұстау т.б.)
Сабақта қандай тәртіп болды және неліктен? Олар мақсаттарына жете алды ма? Егер жоқ болса, неге? Оқушылардың пәнге, мұғалімге деген қарым-қатынасы қандай?
9. ^ Сабақтың гигиеналық жағдайлары
Сынып бөлмесі жеткілікті түрде жарық па? Қабырғалар, парталардың түсі сабаққа қалай әсер етеді? Жиһаз оқушының жас ерекшелігіне сәйкес пе? Оқушы денсаулығы, бойы, үлгерімі бойынша дұрыс отыр ма? Сабақ кестесі сәтті құрылған ба? Бұл сабақтың алдындағы демалыс қалай өткізілді? Қоңыраудан соң оқушы сабаққа кешігіп келді ма? т.б.
10. ^ Кейбір арнайы тапсырмалар
Мұндай арнайы тапсырмалар қатарына ғылыми жұмыстар жүргізу, педагогикалық
кеңестің шешімімен берілетін тапсырмалар жатады. Педагогикалық кеңестің немесе
әдістемелік бірлестіктің шешімімен, мысалы барлық мұғалімдердің дәптерді толтыруға
немесе тіл – мәдениетіне бірыңғай талаитар қоюы, пәнаралық байланысты қамтамасыз
ету, оқушыларға жеке қатынастар орнату мәселелері зерттеледі.
Келтірілген сұрақтардың бәріне сабақтан соң жауап беріп отырса мұғалімнің шеберлігі
артады.
Әрине, табанды мақсатта бағытталған түрде тәжірибе жинау барлық параметрлермен
жүзеге аса бермейді. Бұл, мұғалімге дәл қазір не қажет екендігімен байланысты. Тек жас
мұғалім өз сабағына талдау жүргізе білуі қажет әрі маңызды. Бұл әсіресе жас мұғалім өз
курсын жасаған кезде өз жұмыста сын көзбен қарағанда ғана іске асады.
В.А. Сухомлинский «мұғалім сабақта білім әлеміне терезе ашып қана қоймай, өзін де
көрсетеді оқушылар алдында өзінің рухани әлемін, рухани байлығын ашады» деп
дұрыс айтқан.( Сухомлинский В.А. Разговор с молодым директором школы, М, 1973 с.
164.)
Достарыңызбен бөлісу: |