Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жырау "Кенесары Наурызбай"



Дата23.08.2017
өлшемі11,18 Kb.
#25573
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Нысанбай жырау “Кенесары – Наурызбай” дастаны
  • Сабақтың мақсаты:
  • білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнерін терең түсіне білуіне, тарихи шындықты тануына мүмкіндік туғызу;
  • дамытушылық: ізденіс жұмыстары арқылы өзіндік ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қасиеттерін шыңдауға жағдай жасау;
  • тәрбиелік: тарихи тұлғалардың елі үшін жасаған ерліктерін дәріптей отырып, елінің адал азаматы, патриоты болуға баулу.
  • Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
  • Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап,
  • жуан, жіңішке сұрақтар, екі жақты түсіндірме күнделігі,
  • талқылау кестесі
  • Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға слайд түрінде
  • көрсетілген мәліметтер, пікірлер,  деректі фильм т.б.
  • І. Ұйымдастыру кезеңі
  • Оқушылармен амандасамын
  • Оқушыларды түгелдеймін
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • ІІ Үй тапсырмасы
  • Махамбеттің поэзиясы туралы баяндап беріңдер
  • Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі қалай көрінеді?
  • Махамбет өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесі
  • Исатай – Махамбет бастаған көтеріліс туралы айтып беріңдер?
  • Егер Исатай қаза таппаса, Махамбеттің тағдыры қалай болар еді,
  • өз пікірлеріңмен бөлісіңдер?
  • Ақынның ел тағдыры, жер тағдыры туралы өлеңдері
  • негізінде мысал келтіре отырып айтыңдар.
  • Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған
  • қазақтың соңғы ханы –Кенесарының өкінішті қазасы 
  • екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді.
  • Хан Кененің қалдырған іздері —  шайқас жерлер, жер атаулары,
  • жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың
  • «Кенесары — Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің,
  • одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының
  • ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның
  • жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды.
  • Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді.
  • Тарихымызға да көзқарастар өзгерді.
  • Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін,
  • жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да,
  • батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.
  • Сондай тұлғаларымыздың бірі аумалы-төкпелі заманды басынан
  • өткерген жырау Нысанбай Жаманқұлұлы.
  • Жаңа сабақ:
  • Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау
  • (М.Әуезов)
  • Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды
  • «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атады.
  • «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын
  • дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған.
  • Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең
  • шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», —
  • деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).
  • Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау
  • көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс
  • тапқанға дейін онымен бірге болды.Нысанбай – өзінің жырымен
  • жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып,
  • ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.
  • Топтық жұмыс
  • І топ – Нысанбай жыраудың қазақ әдебиетіндегі орны
  • ІІ топ – «Кенесары –Наурызбай» жырының тақырыбы мен
  • идеясын анықтап беріңдер.
  • ІІІ топ – «Кенесары – Наурызбай» жырындағы батырлар
  • бейнесі қалай көрінген?
  • ІV топ – Жырда қазақ қоғамындағы әлеуметтік
  • қайшылықтар қандай мысалдармен көрініс тапқан?
  • Топтарға тапсырма:
  • І топ – «Жуан және жіңішке сұрақтар» дайындайды
  • ІІ топ – Дастанды өлең құрылысына талдайды. Көнерген сөздерді табады.
  • ІІІ топ – Талқылау кестесі.
  • Кенесары
  • ІV топ – Екі жақты түсіндірме күнделігі
  •  
  •  
  •                                                 
  • Тариха тұлға
  • Әдеби кейіпкер
  • Мені не толғандырды?
  • Неліктен?
  • Видеоролик                                
  • Сұрақтар:
  • Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
  • Дастан неліктен «Кенесары — Наурызбай» деп аталды?
  • Үйге тапсырма
  • Дастанды толық оқу
  • Композициялық құрылымына талдау
  • «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында
  • ойтолғау жазу.
  • Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды
  • І топ – бас бармақ арқылы
  • ІІ топ – қол шапалақтау арқылы
  • ІІІ топ – екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы
  • ІV топ – ауызша бағалау
  • Назарларыңызға көп рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет