әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
Жоспар
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту. Ой тастау: Кенесары – Наурызбай көтерілісі жөнінде бейнефильмді тамашалау, Нысанбайдың жоқтауын тыңдау. Сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен таныстыру:
- Бейнефильмде 1837-1847 жылдар аралығында болған Кенесары ханның патшаның отарлау саясатына қарсы көтерілісі жөнінде айтылды. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жыраудың Кенесары мен Наурызбайды жоқтауын тыңдадық. Нысанбай жырау осы тарихи оқиға жөнінде «Кенесары – Наурызбай» дастанын жазған. Бүгін осы дастанның ерекшелігін, құндылығын талқылау мақсатында ғылыми кеңесте бас қосып отырмыз. Кеңесте тарихшы, әдебиетші, өнер танушы ғалымдар өз пікірлерін ортаға салмақ, олай болса, кеңесімізді бастаймыз.
Сабақтың мақсаты, тақырыбы, бағалау критерийі таныстырылады.
Оқушылар назарын сабаққа аударады.
Сабақтың мақсатын, тақырыбын, бағалау критерийін анықтайды.
«Кенесары көтерілісі қырғыз жерінде» Марат Қаниевтың бейне-
фильмі,
үнтаспада Нысанбай жыраудың Кенесары
мен Наурызбай
ды жоқтауы
https://www.youtube.com/watch?v=Aj7omxQzbMs
Сабақтың ортасы
15 минут
Мағынаны тану ΙΙ. Проблемалық сипаттағы сұрақ
Кеңесті жүргізуші:
- Құрметті кеңеске қатысушылар, дастанның тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңіздер?
«Тарихшылар» Кенесары – Наурызбай көтерілісі туралы мәлімет береді.
Автордың өмір сүрген кезеңі мен ортасын анықтайды;
Атқарған қызметін анықтайды;
Шығармаларын анықтайды.
ЖЖ Тапсырма.Дастанның жанрлық ерекшелігін, поэтикалық тілін талдау.
Жырдың жанрлық ерекшелігі, поэтикалық тілі
Дәлелдеме
Тарихи жыр
2. Тарихи-реалистік сипаттағы жыр
3. Батырлық эпос үлгісінде жырланған
4. Эпикалық оқиғаға лирикалық сипат берген
5.Батырларды психологиялық жағынан айқын айшықтаған
«Нысанбайдың бұл поэмасының бір зор қасиеті – эпикалық оқиғаға ақын лирика дәнін тамаша еге білген. Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивтер көп. Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.» Сәбит Мұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жыл
Жинақтау сұрақтары: 1.Дастан неге «Кенесары – Наурызбай» деп аталған? («Қырғыздағы қырғын», «Қазақтың соңғы ханы», «Көтерілістің күйреуі» емес ...)
2.Осы дастанды жырлаудағы ақынның басты мақсаты не деп ойлайсың?
3.Кенесарының қырғызға қарсы соғысына автордың көзқарасы қандай?
(кеңес мүшелері тарихшылар мен әдебиетшілердің хабарламаларын тыңдай отырып, кестені толтырады, сұрақтар қойылғанда өзінің түйінді шешімін айтады.)
Кеңесті жүргізушінің қорытынды сөзі: «Кенесары– Наурызбай» - тарихи жыр.
Алайда әдебиет – тарих емес, тарихи күрестің, оқиғалардың сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығуын талап етуге болмайды. Кейде дәл келсе, кейде тарихи шындықтан ауытқып жатуы мүмкін. Олай болуы заңды.
Түйінді ой:«Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.» Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл.