7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
Әлемдік педагогикалық ой пікірлердің және оқу практикасының тарихына оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары мәлім. Олардың пайда болуы, дамуы, жетілдіруі және біртіндеп кейбірінің жоғалып кетуі дамып отырған қоғамның талаптарымен, қажеттіліктерімен байланысты. Нәтижесінде педагогика ғылымы бұл салада едәуір эмпирикалық материал жинақтады. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын жүйелеудің, олардың уақыттың тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес тиімділердің көрсетудің қажеттігі туралы сұрақ туындап тұр.
Осыған байланысты ғалымдар оқытуды ұйымдастыру формаларын жіктеу үшін оқушылар саны мен құрамы, оқитын жері, оқу жұмысының ұзақтығы сияқты негіздерді алға тартады. Осы негіздер бойынша оқыту формалары жеке, жекелік топтық, ұжымдық, сыныптық және сыныптан тыс, мектептік және мектептен тыс болып бөлінеді. Бұл жіктеу ғылыми жіктеу емес және педагог ғалымдырдың барлығы мойындамайды. Дегенмен, оқытуды ұйымдастырудың формаларын осылай жіктеу оларды шамалыда болса реттеуге мүмкіндік береді.
Өз бастауын өте ертеден алатын оқу үрдісінің ең алғашқы
Достарыңызбен бөлісу: |