^ Оқыту және білім беру қызметі ерекшеліктері тек оқушының мұғалім сұрақтарына берген жауаптарынан ғана емес, сонымен қатар тапсырылған тапсырмаларын орындау, және сыныптастарының жауаптарын ұғу, оларға түзету енгізу арқылы оқушының білімділігінің танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
^ Тексеру мен бағалудың қызметі оқушылардың оқу әрекетін жүйелік бақылауда анықталады. Олардың білімге деген жауапкершілігін арттырады, еңбек етуге үйретеді, мұғалім қойған міндеттемелерді өзінше шешуге, және өзінің оқу қабілетін дұрыс бағалауды үйретеді.
Мұғалім тек қана оқушының білімін бағалап қана қоймай, сонымен қатар әр оқушының жетістіктерін қорытындылап, оқу-тәрбиелік үрдісте түзетулер еңгізіп және ата-аналар мен өзгелерге оқушының жетістіктері мен кемшіліктерін хабарлап отыра алады.
Оқушылардың білімін бақылау бүкіл оқу деңгейлерінде жүйелі және үнемі қалыпта болуы тиіс. Мұғалімнің оқу бағдарламасының бүкіл бөлімдері қамтылып, теориялық білімнің қабылдану дәрежесі тексеріліп, оқушылардың интеллектуалдық және практикалық іскерліктерінің қалыптасуын жұмыс жүргізу дәрежесі; түрлі сабақ түсіндіру тәсілдерін; пән мен әр оқушының ерекшеліктері арқылы саралы сабақ өткізіп; әділ болып, әр оқушының біліміне терең қарауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |