Қоғамдық құрылым – қатынастардың қайталанатын заңдылықтары Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық құрылымдарды табуға болады. Мысалы: бейсбол ойындары, достық байланыстар, отбасылар мен ірі корпорациялар және т.б. – бұлардың барлығы күнделікті қайталанатын қарым-қатынас заңдылықтары Заңдылықтар орындалады: 1. Ресми ережемен (заңдармен) 2. Әдет ғұрыптардың күшімен
Әлеуметтік құрылым: - Мәртебе - Рөл - Әлеуметтік институттар осы 3 ұғым аясында түсіндіріледі.
Мәртебе
Қоғамның негізгі іргетасы
Адамның басқа топ мүшелеріне қатысты қоғамдағы алатын орны
Әр адам бір кезде бірнеше мәртебеге ие болу мүмкін бе?
Бір мәртебенің ішінде өзара үйлесімсіз бірнеше рөлдің болуы.
Мысалы: Ата ананың бір кештің ішінде балаларының киімін жуып, ас даярлауға, үй тапсырмасын бірге орындап, ал ойын ойнауға уақыты жетпесе, рөлдердің шиеленісі орын алады
Бір адамның бойында бір-бірімен үйлеспейтін рөлдік міндеттері бар бірнеше мәртебенің болуы
Мысалы: Баласы ауырған ата-ана жұмыстан сұрануға мәжбүр болса, ал оның жұмыс берушісі жұмыстағы міндеттерін отбасындағы міндеттерінен жоғары қоюды талап етсе, онда бұл рөлдер қақтығысы болады.
Қорытынды
Әлеуметтік рөлдер ұнемі өзгереді, жағдайға қарай бейімделіп отырады.
Адам өз рөлін қалтықсыз орындап тұрмайды.
Адам рөлдерді әртүрлі деңгейде атқарады
Институттар
Адамның негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін тұрақты әлеуметтік құрылым болып табылады.
Басты ерекшелігі – бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі құндылықтардың, нормалар мен мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Институттар өзара тәуелді, жалғыз әрекет ете алмайды. Біреуі өзгерсе, екіншісінде де өзгеріс болады.
Институттар мінез-құлықты реттеп, қоғам өмірінің тұрақтылығын сақтайды, әрі оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырады.
Институттар құлдыраған жағдайда қоғам бей-берекеттік (хаос) пен үмітсіздікке тап болуы мүмкін.
Негізгі әлеуметтік 5 институттар:
1. Отбасы институты – бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқарады
2. Экономика институты – тауар шығарып, оны тарату міндетін атқарады
3. Үкімет институты – қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, оны қорғап отырады
4. Білім институты – жас ұрпақты оқытумен айналысады