Содержание практических



бет1/16
Дата26.05.2023
өлшемі43,98 Kb.
#177789
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
252655638215 Шарттық құқық (семинар)



Практикалық (семинарлық) сабақтар / Содержание практических (семинарских) занятий
Тақырып 1. / Тема 1. Мүлікті жеке меншікке беру шарттары (шаруашылық басқару, оралымды басқару) 1- бөлім. Сатып алу-сату шарты және оның түрлері: бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату, жекешелендіру.
Тапсырмалар / Задания:

  1. 1 тапсырма Келісімшарттардың негізгі жіктелуі. Мүлікті меншікке беру келісім шарты. Сатып алу-сату шарты. Негізгі ережелері. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупін ауыстыру. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының негізгі ережелері мен ерекшеліктері.Тауар жеткізілімі шартының негізгі ережелері. Келісімшарт жасасу шартының негізгі ережелері. Энергиямен жабдықтау шартының негізгі ережелері. Кәсіпорынды сату шартының негізгі ережелері. Жекешелендіру шартының негізігі ережелері.

  2. Ситуацилық есептер.

№1. Николаев Крыловпен теледидар сатып алу туралы келіседі. Николаев Крыловқа алдын ала аванс төлеп, теледидарды келесі күні алып кететіндігі туралы айтты. Алайда, апта ішінде Николаев теледидарды алуға келмеді. Крылов Николаевқа телефон шалып, теледидарды оның жолдасы Романов жеткізіп беретіндігі, және қалған ақша сомасын Николаев Романовтан беріп жіберуін сұрайды, Николаев келіседі.
Теледидарды жеткізу барысында Романов жол апатына түсіп, теледидар сынып қалады. Бұл туралы білген Николаев төленген авансты қайтаруын талап етеді, бірақ Крылов жол апаты оның емес, Романовтың кінәсінен болды, және теледидарды солай жеткізуге Николаевтың өзі келісім бергендіктен авансты қайтарудын бас тартады. Сонымен қатар, Крылов Николаевтан теледидардың толық сомасын төлеуді талап етеді, және теледидар бойынша келтірілген шығынды Романовтан өтеп алуға кеңес береді.
Бұл жағдайда кімнің іс-әрекеті дұрыс? Теледидарды жеткізіп беру туралы Крылов емес, Николаев Крыловтан сұраған жағдайда, және осындай ситуация орын алғанда шешім өзгереді ме?
№2. Григорьев қыс мезгілінде Чашкиннен саяжай сатып алды. Мамыр айында ол өзінің отбасын осы саяжайға алып келді. Ол саяжайда Сидоров отбасысымен бірге тұрып жатқанын білді. Сидоровтың айтуы бойынша, ол өткен жаз айында Чашкинмен 2 бөлмені 5 жыл мерзімге жалдаған, және оған алдын ала барлық төлемді өткізіп қойған. Бірақ олардың арасында жазбаша келісімшарт жасалмағандығын айтады. Григорьев Чашкинге өзінің шағымымен барады. Бірақ Чашкин Григорьевтың оның саяжайын жалға беретіндігі туралы алдын ала білді, және жалға алушылар туралы ешқандай сұрақтар қоймағанын айтады. Сонымен қатар, ол Григорьев саяжайға меншік құқығын дәлелдейтін құжаттарды тіркеу маңызды болып табылатындығын, және оның саяжайда тұрмайтындығын алдын ала білді, себебі Григорьев өзінің отбасымен жиі-жиі шетелге кетеді. Міне осы себептен, келісімшартта саяжайды берудің мерзімі көрсетілмеген.
№3. Алексеев дүкеннен жиһаз сатып алды. Ол жиһаздың барлық сомасын төлеп, үйінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, оны дүкенде 3 күн қалдыруын сұрайды. Егер де Алексеев төлем жасаса, дүкеннің басшысы өзінің келісімін беретіні туралы айтты. Алексеев төлемді жасайды. 5 күннен кейін Алексеев жиһазды алуға келсе, дүкен жабық тұр екен. Дүкен басшысы Алексеевке дүкендегі барлық жиһаздар, соның ішінде Алексеев сатып алған жиһазды да жекізілім жасайтын фирмаға уақытында төлем жасалмағандықтан алып кеткендігі туралы айтты. Алексеев төлеген ақшасын қайтаруды талап етеді, бірақ дүкен басшысы шотта ақша болмағандықтан төлемді қайтарудын бас тартып, 1 ай уақыт өткеннен кейін келуін сұрайды.

Алексеев жиһаздың орнына, дүкеннен өзге тауар алуға дайын екендігін айтады, бірақ дүкен басшысы бұдан бас тартады. Алексеев тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымына барып, көмек сұрайды.




Алексееев қандай кеңес алуы тиіс? Егер де Алексеев жиһазын 5 күннен кейін емес, 15 күн өткен соң алуға келсе, сонымен бірге кассалық чекті жоғалтып алса, кеңестің мазмұны өзгереді ме?
№4. Попова базардағы жеке кәсіпкерден әдемі көйлек сатып алып, оны құрбысына көрсетеді. Құрбысы оған, осындай көйлекті көргендігін және сатылым бағасы төмен екендігін айтады. Бұны білген Попова базарға қайта оралып, жеке кәсіпкерден көйлекті қайтарып алуын, және төлеген ақшасын қайтарып беруін сұрайды. Кәсіпкер оның талабын орындаудан бас тартады. Попова базар әкімшілігіне шағыммен барады.
Попова қандай түсінік алуы тиіс? Егер де Попова, көйлекті сатып алған кейін, оның тігістері сөгіліп жатқанын көріп, жеке кәсіпкерге көйлекті қайтарып, ақшасын кері талап еткен жағдайда, және кәсіпкер оның талабын орындаудан бас тартса шешім өзгереді ма
№5. Шаров Петровадан үй сатып алады. 2 жыл өткеннен кейін, көктем мезгілінде жер асты сулары үйдің астында тұрған жертөлені су астында қалдырып, үй тұрғызылған тіректерді шайып, үйдің фундаменті отырды. Шаров Петроваға келесідей талап қойды: олардың арасында сатып алу-сату шартын күшін жойып, төлеген ақшасын сомасын қайтаруды немесе келтірілген шығындарды өтеп беру туралы.

Петрова, сот отырында мәселе үйде табылған кемшіліктер туралы емес екендігін айтты. Сонымен бірге, әр жылы көктем мезгілінде жер асты сулары үйдің астында тұрған жертөлені су астында қалтыратындығы туралы барлығына белгілі екендігін айтады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет