Содержание практических



бет3/16
Дата26.05.2023
өлшемі43,98 Kb.
#177789
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
252655638215 Шарттық құқық (семинар)

Істі шешіңіз.
№2. Лосев өзінің туысына Сидоровқа қымбат швейцарияның сағатын сыйлыққа берді. Көп ұзамай туыстар арасында қарым-қатынас күрт нашарлады, ал тағы бір жанжал кезінде Сидоров Лосевқа балағат сөздер айтып, соңғының көлік жүргізушісіне дене жарақаттарын келтіреді. Осы әрекеттері үшін Сидоровты бас бостандығынан айыруға сотталды. Сидоровтың жоғын пайдаланған Лосев, сыйға тарту шартын орындаудан бас тартып, оның үйінен сағатты алып кетеді. Сидоровтың әйелі сотқа сыйлақты қайтару туралы талап арызбен жүгінеді.


Істі шешіңіз.
№3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша Партонен Соболевке өзінің үйін, жеміс және көкеніс бақшасымен жер учаскесін, сондай-ақ жерді өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен бау-бақша құралдарын берді. Соболев оның орнына Партоненді айына 500 руб. сома шегінде асырауда ұстауды (азық-түлік, киім-кешек, және т.б.) міндеттенеді. Шарт талаптары бойынша, Соболев Партоненның пайдасына «Петрострах» АҚ-да өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру керек еді, бірақ ол оны орындамады.

Біраз уақыттан кейін Соболев Партоненге берілетін ақша сомасын 450 руб. дейін қысқартты, оның себебі ретінде ауыл шаруашылығы техникасына меншік құқығына алмағанын, және жылжымалы мүлік шарттың мәні болмайтынын айтты. Көп ұзамай Соболев Партоненге спирттік ішімдіктерді, және осы ішімдікті дайындауға қажетті азық-түліктерді сатып алуын тоқтатты. Осының нәтижесінен асырауда ұстауда жұмсалатын ақша мөлшері 400 руб. дейін төмендейді. Ызаланған Партонен сотқа шартты бұзу және келтірілген залалдардың орнын толтыру туралы талап арызбен жүгінеді.


Сотта Соболев асырауда ұстау мөлшерін азайтуының себебі ретінде, оның Партоненнің денсаулығы туралы ойлағанын айтты. Сол арқылы жинақталған соманы Соболев жерлеу рәсімдеріне қолданатыны туралы айтты. Соболев «Петрострах» АҚ өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікті сақтандырмауының себебі, АҚ жақында банкротқа ұшырады. Өзге фирмаларға сенімсіз болғандықтан, Соболев сақтандыруды орындамады. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке кепілдік құқығының болуы, Партоненнің мүддесіне кепілдік болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет