Содержание практических


Сот қандай шешім шығаруы керек?



бет4/16
Дата26.05.2023
өлшемі43,98 Kb.
#177789
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
252655638215 Шарттық құқық (семинар)

Сот қандай шешім шығаруы керек?
Әдістемелік нұсқаулар:

  • Қойылған сұрақтар бойынша толықтырып конспект жасау қажет болады,

  • Конспект жасау барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша талдау жасап, заң актілерімен салыстыру қажет болады.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі


Тақырып 3. / Тема 3. Мүлікті пайдалануға беру шарттары. Мүлікті жалдау (аренда) шартының жалпы ережелері. Көлік құралдарын жалдау, прокат шарты.
Тапсырмалар / Задания:
1 тапсырма

  1. Мүлікті пайдалануға беру шартының негізгі ережелері.

  2. Мүлік жалдау (аренда) шартының жалпы ережелері.

  3. Көлік құралдарын жалдаудың жалпы ережелері.

  4. Прокат шартының жалпы ережелері.

2 тапсырма

  1. Ситуацилық есептер

№1. Иванов өзінің музыкалық аспабы рояльды Петровқа 10 жыл мерзімге пайдалануға берді. Бірақ рояль Ивановтың үйінде болады, ал Петров әр аптаның бейсенбі күнінде сағат 16.00 де келіп, 2 сағат көлемінде пайдалана алады. Осы рояльды пайдаланғаны үшін төлем ретінде Петров әр келгенінде өзімен бірге тағамдар алып келу керек. Бұл келісім жазбаша түрде жасалды. 2 жыл мерзім өткеннен кейін Иванов пен Петров дауласып қалады, соның әсерінен Иванов екіншісін үйіне енді кіргізбейтіндігін және рояльды пайдалануға бермейтіндігін айтты. Содан кейін Петров Ивановқа рояльды қайтадан пайдалануға беруін талап етіп сотқа жүгінеді.




Сот қандай шешім шығаруы тиіс? Егер де Ивановтың үйін Сидоров сатып алып, Петровты рояльмен пайдалануға рұқсат бермеген жағдайда шешім өзгереді ма?
№2. «Новый путь» құс фабрикасы фермер Подкопайлоға екi ғимарат орнын жалға бередi, алайда ғимарат орындары фермерге iс жүзiнде өткiзiлгеннен соң тек 6 айдан кейiн ғана шартқа қол қойылады. Құс фабрикасы мен фермер арасындағы шарттық қарым-қатынастар тек шартқа қол қойылған күннен бастап пайда болғанына сүйене отырып, фермер жалға алған орынның ақысын тек шартқа қол қойылған күннен бастап қана төлейдi, ал алдыңғы алты айға ақы төлеуден бас тартады.

Дауды арбитраждық сотта қарастыру кезiнде фермер шартқа уақытында қол қойылмау себебi – құс фабрикасы жалға беретiн орынды шарт мақсаттарына бейiмсiз күйде өткiзгенiн және фермердiң өзi оны қайта жабдықтағанын айтады. Ал құс фабрикасы өз кезігінде ғимаратты жалға берiлген күннен бастап орынның бiр бөлiгiн тракторлар бөлшектерiнiң қорын сақтау үшiн пайдаланғанын растайтын құжаттарды ұсынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет