Тапсырмалар:
1 тапсырма Тапсырма шарты. Өкілдік туралы жалпы ережелер.
Комиссия шарты делдалдықтың (делдалдық қызмет) бір формасы ретінде. Комиссия шартының нысаны.
Басқа біреудің мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Басқаның мүддесіне іс-әрекет жасау шарттары.
Қосалқы комиссия.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару.
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№1. Савельев Николаевпен шарт жасасып, Николаев үшін құрылыс материалдарын алып беруге міндетттенеді. Құрылыс материалдары сатылып алынғаннан кейін Николаев материалдар өте жоғары бағамен сатылып алынғандығына сілтеме жасап, тауарды қабылдау мен Савельевке бағасын өтеуден бас тартады. Өз кезегінде Савельев Николаевтан алған нотариуспен куаландырылған сенімхатында құрылыс материалдарын сатып алуы керек бағасы көрсетілмей, тек «құрылыс материалдарын ағымдағы баға бойынша сатып алуы тапсырылады» дегенді айтып, сатып алынған материалдар сомасын төлеуді талап етеді. Мұнымен қоса құрылыс материалдарын қабылдауды кешіктіргеннен кейін Савельев оны сақтауына байланысты қосымша шығындарын да төлеуді талап етеді. Николаев болса, Савельевке сенімхат бермес бұрын құрылыс материалдарын алуға шекті бағасын айтқандығын алға тартады.
Келісімге келе алмай, тараптар заңи кеңеске жүгінеді. Оларға қандай түсіндірме берген жөн?
№2. Иванов тапсырма шартын орындағаннан кейін, Васильевтен тұрғын үйді жалдау шартын жасауына байланысты жалдау ақысының 15%-ы көлемінде өтемақы төлеуін талап етеді. Васильев мұндай көлемдегі өтемақыны төлеуден бас тартады, себебі тапсырма шартын жасау кезінде нақты сома айтылмағандықтан, алайда Иванов жасаған жалдау шартының ережелеріне көңілі толғандықтан шарт бағасының 3%-ы көлеміндегі өтемақы төлеуге дайын екендігін айтады. Ивановтың ойынша ол өзі жасаған шарт бойынша өтемақы көлемін өзі айқындауға құқылы. Мұнымен қоса, тұрғын үйлерді жалға беру агенттіктері осындай жалдау шарттары үшін 15 пен 25% аралығында өтемақы сұрайды, ал Иванов болса минималды соманы сұрауда.
Достарыңызбен бөлісу: |