Дауды сотта қарау кезінде Иванов жасаған жалдау шартының пәтер иесі оның әйелі болып шығады, және Иванов пәтерді агенттік шарт бойынша басқарады. Бұл дауда кімнің талаптары орынды?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып № 11. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты.
Тапсырмалар:
1 тапсырма. «Кешенді кәсіпкерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері» атты схема жасаңыз
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару.
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
«Пчелка» ауылшаруашылық кооперативі бал шығарылымы мен жинауда бірегей технология жасап шығарады. Кейін кооператив шығарылатын өнімге «Пчелка» деген тауар белгісін тіркейді. Сонымен қатар, кооператив екі омартамен балды оған тиесілі тауар белгісімен шығаруына байланысты коммерциялық концессия шартын жасасады. Біраз уақыт өткеннен кейін салық инспекциясы кооператив пен омарталар қызметінде салық заңнамасының бұзылуын байқап, кооператив пен омарталардың белсенді қызметін тоқтатады. Екі ай өткеннен кейін омартаның бірінің тұтынушысы «Прогресс» дүкені омартаға міндеттемесін дұрыс орындамағаны үшін келтірілген шығынның орнын толтыруы туралы талап қояды. Омартаның міндеттемесі бойынша қаражатының жеткіліксіздігі мен келтірілген талаптарды қанағаттандыра алмайтындығына байланысты дүкен ауылшаруашылық кооперативін де қосымша жауапкер ретінде сотқа тартуды талап етеді.
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |