СөЖ № Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына кіріспе


) Егеменді Қазақстан. 1991 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуынан басталып, осы күнге дейінгі тұрақты түрде дамып келе жатқан кезеңмен аяқталады



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі23,81 Kb.
#79168
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ1 20-09 Қарағойшина Аружан

6) Егеменді Қазақстан. 1991 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуынан басталып, осы күнге дейінгі тұрақты түрде дамып келе жатқан кезеңмен аяқталады.

3 тапсырма


"ҚР тарихи санасының қалып тасу тұжырымдамасы" (1995 ж.) жазбаша құжатына талдау жасау.
1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді. 
Біздің тарихымыздың бастаулары тереңде жатыр. Мәселен, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов қазақ халқының шежірелік мұрасын тұтас мәдениет деді, «бұл дастан-шежіренің барлығы – ішіндегі айтылып отырған оқиға, мақал-мәтелі, халық әдеті қазақ халқының өткен тарихи және рухани өмірін суреттейді, қазақ тарихын жазу, оның шығу тегін анықтау үшін таптырмайтын тарихи дерек», – деп көрсетті.
Ұзақ уақыт бойы біздің тарихымызға, мәдениетімізге күмәнмен қарап келгені белгілі. Сондағы бізге тағылған сын, жазуы жоқ халықта тарихта, мәдениет те, болмайды деп айыптады. Көшпелі халықтардың тарихын, отырықшы қоғамның айырмашылық белгілерімен зерттеу дұрыс емес екенін алғаш аңғарған Ш. Уәлиханов болатын. Ғалым: «Көшпелі халықтың жазуы-сызуы болмағандықтан жалпы халықтың тарихи фактілерге емес, бәрінен бұрын олардың ертегі тәрізді аңыздарына негізделген. Өздерінің батырларының батырлық іс-әркеттері мен халық арасындағы маңызды оқиғалар туралы аңыздарды жырға айналдырып кейінгі ұрпаққа отбасындағы естелік әңгіме тәрізді айтып жеткізіп отыру барлық көшпелі тайпаларға тән сипат. Аңыз айтушылардың құрметтілері – сол аңызды сол қалпында жеткізушілер болып табылады» [5, 50-б.], – деп жазды. Ауызша дамыған рухани мұралардан ұлттық ділін алғаш көре білген және оны ғылыми қауымдастыққа сол тұрғысында таныстыруға алғаш ұмтылған да Ш. Уәлиханов болатын. Ш. Уәлиханов өзінің зерттеулерінде халықтың тарихи санасына қатысты сұрақтарды талдауда «халық жады» деген сөз тіркестерін жиі қоланады. Мұның өзі зерттеушінің халық ауыз әдебиетінің үлгілері түрлі атаулармен аталғанымен, бәрі бірігіп халықтың біртұтас тарихи зердесін құрайтынын тани білгенін көрсетеді. 

Қорыта айтқанда, еліміз 70 жылдай совет үкіметінің құрамында болған кезінде тарихымыз маркстік-лениндік әдіснамаға сай жазылып, зерттеліп келді. Міне, осы қателіктің орнын толтыру еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Ұлтты қайта зерделеп, объективті түрде жаңа заман тұрғысынан зерттеуде мемлекеттік қолдаудың қосқан үлесі орасан зор.

Әдебиеттер тізімі
1 ҚР-да тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы. 1995 ж.
2 Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы.-1 том.,- Алм.,1996-2001.
3 Абенов Е. М., Арыпов Е. М., Тасмағамбетов И. Н. Қазақстан: мемлекет және
қоғам эволюциясы. – А., 1996.
4 Абылхожин Ж. Б., Бұрханов К. Н., Қадырбаев., Қозыбаев и. м. Қазақстан тарихнамасы: тарих сабақтары. – А., 1990
5 Алтаев А. Ш., Жангуттин Б. О. Қазақстан Тарихы: Хрестоматия. Т. 2. – Алматы, 2008.
6 Кан Г. в. Қазақстан тарихы: ЖОО арналған оқу құралы. – Алматы, 2005.
7 Қазақстан Тарихы. 5 томдық – - Алматы, 1996, 1997, 2000, 2010.
8 Тәуелсіз Қазақстанның тарихы. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. – 400 б.
9 Қазақстан Тарихы. Дәріс курсы. Қ. С. Қаражан. – Алматы, 2012

: https://e-history.kz/kz/news/show/3297/


© e-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет