СөЖ №1 Тапсырма



Дата24.11.2022
өлшемі21,37 Kb.
#159600
Байланысты:
мугал1


СӨЖ №1


Тапсырма:
1. Курстың негізгі терминологиялық ұғымдарымен танысу, пәннің мақсаты мен міндеттерін айқындау

Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері, соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Бүгінгі әлем жаһандану үрдісінде жүріп жатыр. Жаһандану дегеніміз-бәсекелестік. Соңғы 10-15 жылда бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды. Ол жаһандық экономиканың жаңа сапаға - «білім экономикасына» өтуі. Әлемдегі өркениетті дамыған мемлекеттер өзінің даму сатысының бір кезеңін аяқтап, «жаһандық ортақ білім санасы» деген бәсекеге қабілеттіліктің жаңа бағытына бет бұрды.


Қазіргі кезде әлемдегі құрлықтар, мемлекеттер, ұлттар тіпті адамдар арасында бәсекелестік күшеюде. Бүгінгі мемлекеттер арасындағы бәсекелестік өзінің интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі, бәрінен бұрын адам потенциалының даму индексі бойынша ұлттың қабілеттілігі қазіргі заманғы «интеллектуалдық потенциалға» көбірек аударылады ол дәл бүгінгі қоғам дамуындағы бәсекеге қабілеттіліктің жаңа бағыты үшін аса маңызды. Осыған орай, еліміздің басты бағыттарының бірі - қазіргі ғылым мен білімді барынша дамыту болып отыр.
Еліміздің экономикалық даму қарқыны жоғары болғанымен, ғылым мен өндірісті ұштастыру, техникалық даму үшін еліміздегі оқу сапасы әлемдік стандарттар талабына сәйкес келмей отыр. Сондықтан, біз, яғни, ғалымдардан бастап, ұстаздар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, барлық білім беру орталықтарындағы қызметкерлер, ата-аналар, тіпті бүкіл халық болып өз ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді жаһандануға қарсы тұра алатындай деңгейде шыңдауымыз керек.
Ғалымдар оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновациялық технологияларды енгізіп, тарату мәселесін зерттей отырып, қазіргі мектептерге ғылыми ізденіс мәдениетімен қаруланған, жаңа формациядағы мұғалім керектігін айтады және педагогикалық инновацияның негізгі міндеті-енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау-жіктеу-таңдау деп санайды. Бұл бүгінгі педагогтардың білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауға арналған «өзіндік жаңалығы» болуы қажет және бұл барлық ұстаздарға міндетті түрде жаңалық ашу да емес, әр мұғалімнің жүйелі  зерттеу жұмысы болуы, және сол арқылы мұғалімнің жасаған өзіндік инновациялық іс-тәжірибе технологиясының жобасы болуы керектігін міндеттейді деп ойлаймын. Бұның бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.
Осы міндетті іске асыру мақсатында, оқыту мен тәрбие беруде «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру негізіндегі, инновациялық іс-тәжірибелері» жобасының үлгісін ұсынып отырмын.
Мұғалімнің ғылыми - зерттеу мәдениетін зерттеудің интегративті - мәдениеттанулық негіздері
Қазіргі жағдайда ғылыми - педагогикалық білімді дамыту зерттелетін объектіні жан-жақты зерттеуді қамтиды. Педагогика ғылымында "ғылыми - зерттеу мәдениеті" терминінің болмауы оны терең талдауды қажет етеді және тиісті әдіснамалық стратегияны таңдауды талап етеді. Біз қарастыратын құбылыс мәдениеттанулық сипатқа ие, сондықтан оның мәнін қарастыру мәдени құбылыстың генезисінің, жұмыс істеуі мен дамуының мәдени жағдайын дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін мәдени тәсіл аясында жүргізілуі керек. Біздің зерттеуіміздің контекстінде мәдени көзқарасты қолдану зерттеу тақырыбына сәйкес келетін бастапқы позициялар мәдениеті ұғымының мәні туралы көптеген көзқарастардың ішінен таңдау қажеттілігімен алдын-ала анықталған. Мәселені зерттеуге мәдени көзқарасты біз күнделікті және теориялық сана деңгейінде түсіндірілетін мәдениетті жалпы философиялық түсіну тұрғысынан жүзеге асырамыз.
Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория - таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл - осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологкялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және онын ең басты құрылымдары болып табылады. Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісінің мәні (теориялық-эмпирикалық, эксперименттік, математикалық). Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардын негізін құрастыру қажет. «Теориялық білім» дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында, белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды. Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол - осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі - болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық болжамдар, мысалы, Д. И. Менделеевтің химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердін ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны коре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оньщ танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалык философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудін анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе больш отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдык және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудьщ басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдьщ ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері болып табылады.
Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Эмпирикалық зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек тілінде - тәжірибе деген ұғымды береді. Эмпирикалық әдістердің алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуға болады. Бұл мақсатқа сай заттар мен құбылыстарды зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді санамен қабылдау және ақпараттарға өзіндік тұрғыдан талдау жасау, зерттеу нысанасының сыртқы көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер жинақтау дегенді білдіреді.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі және ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталады. Эксперимент деп ғылымда едәуір қолайлы жағдайларда зерттеу мақсатына сай құбылыстарды жаңарту мен өзгертуді айтады. Эксперимент болжамды тексеруге, теорияның жеке қорытындыларын, фактыларды анықтауға және дәлелдеуге бағытталады. Эксперимент - ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын.
Жалпы эмпирикалық әдістер тобына: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент) жатады. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді. Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты.. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол - жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі. Диагностика (грек сөзі: диа - ашық, айқын жəне гнозис - білу) - зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс. Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады. Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды. Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалау-дың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер - оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
3. Пидкасистый П. И. Педагогика. - М.: 2001
4. Подласый И. П. Педагогика. - Минск, 2006
5. Харламов И. Ф. Педагогика. - Минск, 2002
6. Коянбаев Ж. Б., Коянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 200

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет