Көбінесе қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінен кейін қосылатын ревматизмдік ақау. Гемодинамикалық тұрғыда систола кезінде қан қолқаға түгел кете алмайды да, сол қарынша миокардында гипертрофия орын алады. Сонымен қатар коронарлық қантамырларға қан әдеттегіден аз барадыклиникасы Төстің сол жақ қырында, қабырға аралығында естілетін үрлеген үлкен систолалық шу. Осы шу ұйқы артериясына жақсы тарайды. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, миокард ишемиясыФКГ-да систолалық шу. ЭхоКГ-да қолқа қақпақшалары жармаларының бір-бірінен айырылуының азайғаны, олардың жабысып қалуы, қанның қолқа сағасындағы турбуленттік ағымы көрінеді.
Асқынулары
Жүрек жеткіліксіздігінің дамуы
Жүрек ырғағының бұзылысы(жүрекшелер фибрилляциясы)
Жүрек ырғағының бұзылысы деп жүректің автоматизмі, қозғыштығы, өткізгіштігі жəне жиырылу функциясының бұзылу нəтижесінде дамитын қалыпты физиологиялық жиырылу реттілігінің өзгеруін айтады.
Жүрекшелер фибрилляциясы немен қауіпті?
Жүрекшелер фибрилляциясы өзінің асқынуымен қауіпті. Оның асқынуы кардиоэмболиялық инсульт болып табылады.