Кітаппен жұмыс істеу кезінде әдебиетті таңдап, оны дұрыс оқып, жазба жүргізуді үйрену қажет. Кітапханада әдебиеттерді таңдау үшін алфавиттік және жүйелі каталогтар қолданылады. Кітаппен жұмыс істеудің тиімді дағдылары уақытты үнемдеуге және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін есте сақтау керек.
Қандай оқулықтарды таңдау керектігін дәріскер ұсынады. Қажетті әдебиеттер осы курс бойынша әдістемелік нұсқауларда да көрсетілуі мүмкін.
Оқулықтармен және кітаптармен өз бетінше жұмыс істеу (сонымен қатар дәрістерде көтерілген мәселелерді өз бетінше теориялық зерттеу) – танымның ғылыми тәсілін қалыптастырудың маңызды шарты.
Оқулықтармен және кітаптармен өз бетінше жұмыс істеу (сонымен қатар дәрістерде көтерілген мәселелерді өз бетінше теориялық зерттеу) – танымның ғылыми тәсілін қалыптастырудың маңызды шарты.
-оқыған кітаптардағы маңызды ақпараттарды конспектілеу т.б.
Реферат жазу
Бұл студенттің өзіндік жұмысының басқа түрлеріне қарағанда көлемді, аудиториялық сабақтарда оқылатын негізгі тақырыпты толықтыратын және дамытатын ақпаратты қамтитын жұмыс болып табылады.
"Реферат "сөзі (латын тілінен – referre – баяндау, хабарлау) ақпаратты сыни шолу негізінде қандай да бір мәселенің немесе тақырыптың мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде қысқаша баяндауды білдіреді.
Рефератты дайындау барысында мына ережелер басшылыққа алынуы тиіс: