Бұл кітаптың, мақаланың, қолжазбаның қысқаша сипаттамасын жазу бойынша студенттердің аудиториядан тыс орындалатын өзіндік жұмысының түрі. Онда сол кітаптың негізгі мазмұны баяндалады, кітаптың оқырмандардың қай тобына арналғаны туралы мәліметтер беріледі. Аннотация бойынша жұмыс бір тақырыптағы бірқатар дереккөздерге, сонымен қатар әдебиетке шолу жасауға көмектеседі. Студент автор қозғаған негізгі ойларды, мәселелерді, оның қорытындыларын, ұсыныстарын атап, мәтіннің маңыздылығын анықтау керек.
-аннотацияланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қысқаша көрсету;
-аннотацияны белгіленген мерзімде тапсыру.
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы — студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында Р.Сүлейменов өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс».

Шығармашылық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады.