СөЖ ұйымдастыру



бет3/13
Дата05.12.2022
өлшемі130,74 Kb.
#161270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
СӨЖ ұйымдастыру 2

СӨЖ мақсаты

СӨЖ мақсаты – болашақ мамандық бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеу тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту. 

СӨЖ міндеттері:

  • - студенттердің алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту; 
  • - теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;
  • - нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;
  • - студенттердің танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;
  • - ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру
  • - зерттеу дағдыларын дамыту;
  • - тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.

СӨЖ функциялары:

  • дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, студенттердің зияткерлік қабілеттерін байыту);
  • бағдарлаушы және ынталандырушы;
  • тәрбиелеу (маман мен азаматтың кәсіби қасиеттері қалыптасады және дамиды);
  • зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі).

СӨЖ негізінде келесі принциптер жатыр:

СӨЖ негізінде келесі принциптер жатыр:

- шығармашылық қызметті дамыту;

- нысаналы жоспарлау;

- тұлғалық-іс-әрекеттік тәсіл.

СӨЖ-ден күтілетін нәтижелер:

  • болашақ маманның білімін меңгеру, кәсіби біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру;
  • теориялық материалды практикалық жолмен бекіту;
  • өзін-өзі дамытуда тәрбиенің де қажеттілігі;
  • тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін барынша дамыту;
  • ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру және білім беру процесінің сапасын және қарқындылығын арттыру;
  • таңдаған мамандығына қызығушылықты қалыптастыру және оның ерекшеліктерін меңгеру;
  • өз ұстанымын, теориясын, моделін қалыптастыру үшін, кез-келген жағдайға анализ жасау және дұрыс шешім қабылдау үшін алған білімі мен тәжірибелік дағдыларды қолдану.
  • СӨЖ әр оқу пәні бойынша СӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырмалары оқу жоспары бойынша анықталады. 


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет