Сөж орындаған : Бейсембаева Сандуғаш Бейсембайқызы Тексерген



Дата13.12.2021
өлшемі21,15 Kb.
#125153
Байланысты:
11 апта СӨЖ


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты



СӨЖ

Орындаған : Бейсембаева Сандуғаш Бейсембайқызы

Тексерген: Рахметова Райгуль Садуакасовна

2021

Таным туралы ғалымдардың пікіріне өзіндік тұжырым.

"Білу деген не?" деген сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің "Фаустында" былай жазылған:

"... Білудің мәні не?

Міне, досым, мәселе қайда?

Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес.

Заттардың мәніне үңілгендерді,

Барлық жандарға сырын жайып салғандарды

Алауларға өртеді және тепкіледі.

Бұл сізге бесенеден белгілі..."яғни бұл жерде білу ,есту ,тану жайлы.Білім адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады.

Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады.

Платонның таным теориясын, ғылым және эстетика теориясын дамытуға ұмтылып, осы ғылымдардың барлығы Қаланың (мемлекеттің) игілігі үшін дамуы тиіс деп есептегенін айтады. Қала (мемлекет) мүддесінің ол үшін әрқашан басты назарда тұрға­нын түсіндіреді.

Әйгілі философ Сократтың ең дарынды шәкірті Платон болатын. Реми Хесс өз еңбегінде Сократ өмі­рінің, онымен байланысты филосо­фиясының, кейінгіге берген басты тәлімі мен аңызға айналған өлімінің де себебі жайында жүйелі әрі шындыққа ең жақын мағлұмат береді. «Сұхбат­тасушыларға берген Сократ­тың ең басты тәлімі – ақылды болуға жәрдем беру, яғни оларға шынайы білімге өрлеудің жолын көрсету және соқыр сенімнен бас тартуға шақыру», – деп жазады ол.



Сократ тәлімі, фило­софиясының мәні туралы тарқата айтсақ, Афина көшелерін кезіп жүріп, адамдарды даналық ілімге үйреткен, басқаша айтқанда қоғамдағы жағдай­ларға ешқашан бей-жай қарамаған, келеңсіздіктерді ешбір айналып өтпеген Сократ ілімі философияны алғаш болып адам мәселесіне бұрады. Философияның ендігі жердегі мәселесі жеке алғандағы табиғат та, күллі ғарыш та емес, адам, оның әлемдегі орны, тағдыры, өмірінің мәні екеніне назар аударады. Бірақ оның көзқарасы софистердің болмыс, ақиқат туралы қандай нәрсеге де өз түсініктемелері дайын прагматикалық пайымдау­ларымен сәйкес келмейді. Сократтың хақиқат, білім, әділеттілік, әсемдік туралы көзқарастары оның маңдай көзімен көретін сыртқы сұлулық та, мардымсыз білім арқылы пайымдап түсінуге болатын хақиқат та емес.

Реми Хесстің Платонның үңгір туралы әпсанасы, мемлекет, саясат туралы идеялары, таным теориясы мен эстетикасына байла­нысты ойларына тоқталайық. Реми Хесс айнала көзге көрінетін дүниені – «ол, абзал дүние емес, ақиқат – мәңгі өмір сүретін идеялар әлемінде» деп есептеген Платонның идеялар туралы ілімінің мәнін, білім мен білімсіздік табиғатын түсіндіретін үңгір туралы әпсанасындағы ой астарының ақи­қатын ашып айтады. Әпсанада адам­дар тіршілігінің күнді көру бақытынан айырылып, үңгірге қамалған өмірге теңелгенін, сондықтан да олардың жер бетінде шын өмір барын білмей­тінін тілге тиек етеді. «Ақиқатты түсінген философ дегеніміз кім? Оның міндетіне не кіреді?» деген сауалға: «Шын мәнінде, философ үңгірден шығып, жарқырап тұрған күннің (Игіліктің) бар екендігін ашқан адам. Алайда, оның міндеті – адамдарға оралып, олардың көлең­келер әлемінде тіршілік етіп жатқа­нын түсіндіріп, көмектесу» деп жауап береді. ұрып көрінбегенмен, көңілді тербеп, жүректі асқақ сезімге бөлейтін жанға жақын тәңірі сұлулық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет