3. Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына талдау жасаңыз. Нақты мысалдар арқылы өз пікіріңізді білдіріңіз.
Сөзжасамның жеке сала ретінде танылуының басты белгісі оның негізгі ұғымдарының болуы. Сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуын, мағыналық даму жолын, жасалу амал-тәсілдерін зерделейді. Осы тұрғыда оның өзіндік ішкі заңдылықтарын белгілейтін басты ұғымдары қалыптасқан. Сөздін немесе атаудың жасалу жолын белгілеу деген сөз жалпы алғанда тілдің қалыптысу жолын кешенді түрде айқындау деген сөз. Себебі, түптеп келгенде, сөздің жасалуы - тілдік жүйенің орнығуы. Сондықтан сөзжасамның теориялық мәселелерін айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді жүйеде қарастырылуы қажет. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:
-сөзжасамдық тұлға:
- сөзжасамдық ұя;
- сөзжасамдық мағына;
-сөзжасамдық үлгі;
-сөзжасамдық қалып;
-сөзжасамдық тізбек;
-сөзжасамдық жұп;
-сөзжасамдық саты;
-сөзжасамдық тарам;
-сөзжасамдық байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |