Сөж пәні: Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы Мамандық


Сөзжасамдық ұя және оның зерттелуін талдап жазыңыз. Тілдік деректерді келтіре отырып, бірнеше сөзжасамдық ұяны жазып көрсетіңіз



бет2/5
Дата15.12.2021
өлшемі126,62 Kb.
#101088
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бердіхан Бахаргүл

2. Сөзжасамдық ұя және оның зерттелуін талдап жазыңыз. Тілдік деректерді келтіре отырып, бірнеше сөзжасамдық ұяны жазып көрсетіңіз.

Себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып, атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы – сөзжасамдық ұя деп аталады. Яғни, сөзжасамдық ұя болу үшін:



  1. бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы қажет;

  2. түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы шарт;

  3. түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал.

Сөзжасамдық ұя тілдік құбылыс ретінде қазақ тілінде танылып, алғаш рет анықтама алуы 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиялық еңбектен басталады. Аталған еңбекте сөзжасамдық ұяға төмендегідей анықтама берілген: «Сөзжасамдық ұя – бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы». Қазіргі қазақ тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесі жүйелі зерттеген ғалымдар: К.Құрманәлиев, Н.Қоқышева, Б.Есімсейітов, H.Есенова. Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негізін жасаған А.Н. Тихонов болып саналады. Ол сөзжасамдық ұя бойынша үлкен сөздік те шығарды. Өкінішке орай, қазақ тілінде сөзжасамдық ұя бойынша толық сөздік шығарылған жоқ. Бірақ O.Тоққожаева 1996 жылы «Қазақ тіліндегі сөзжасамдык ұялар сөздігі» деген атпен екі шағын сөздік шығарған.

Сөзжасамдық ұяға енетін сөздер бір түбірден тараған тұлғалар болғандықтан, формалық және мағыналық жағынан бір-біріне жақын келеді. Мысалы: 1)оқы, оқу, оқығыш, оқығыштық, оқырман, оқыған, оқығандық, оқымысты, оқымыстылық, оқыту, оқытушы, оқытушылық, оқулық, оқулықтай, т.б.

2)Ой, ой-арман, ойдағыдай, ойлан, ойлағыш, ойлампаз, ойлаппішу, ойластыру, ойлау, ойлы, ойсыз, ойлылық, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет