5. Аналитикалық сөзжасамдық тәсілдің қалыптары. Тіркесті негіздерге ғылыми талдау жасаңыз.
Болмыстың танылған ерекше белгілерін таңбалаудың көнеден келе жатқан тәсілінің бірі - аналитика-семантикалық сөзжасам тәсіл. Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі тілдің дамуында маңызды рөл атқарған. Тілдің ежелгі бастауында түбіртектің, түбірдің бірігуі арқылы екіншілік мағына жасалып, жаңа сөздер туындаған. Тіліміздегі бір буынды түбірлер санатындағы ГСГ (ГС+Г, Г+СГ т.б.) тұлғасындағы атаулар түбіртектердің осындай бірігуі нәтижесінде болған деп пайымдауға негіз бар. Қазіргі қазақ тілінде аналитикалық-семантикалық сөзжасам тәсілінің мынадай сөзжасамдык қалыптары қалыптасқан:
1) тұлғалардың бірігу қалыбы
2) тұлғалардың қосарлану қалыбы
3) тұлғалардың тіркесу қалыбы
Аналитика-семантикалық сөзжасамдық тәсілінің өзіндік ішкі байланысу заңдылығы бар. Кез келген екі тұлғаның бір-бірімен косарлануы не бірігуі, тіркесуі мүмкін бола бермейді. Өзге де сөзжасамдық тәсілдердегі сияқты мұнда да парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар орындалуы тиіс.
Аналитика-семантикалық сөзжасамдық тәсілінің өзіндік ішкі байланысу заңдылығы бар. Кез-келген екі тұлғаның бір-бірімен қосарлануы, не бірігуі, тіркесуі бола бермейді.
Халықтың болмыстың белгілері мен қасиеттері туралы ұғымды, түсінікті танып, оны таңбалауының ішкі заңдылықтарына сәйкес аналитика-семантикалық сөзжасамдық тәсілде де халықтық дәстүрлі дүниетаным мен ментальдылықтың берік жүйесі орныққан. Осыған сәйкес жаңа номинативтік белгісі бар ұғымды таңбалауда лингвистикалық және экстролингвистикалық факторлардың орындалуы шарт:
Экстролингвистикалық фактор:
-болмыстың ерекше жаңа белгілері мен қасиеттерінің адам танымында танылуы;
-номинативті мағына мен атаудың семантикасы тұрақталып қалыптасуы үшін қажетті фактор – уақыт.
-Екіншілік мағыналы туынды сөздің жеке атау ретінде қабылдануы не қабылданбауы.
Лингвистикалық фактор:
-бұрыннан белгілі болмыс атаулары туралы ұғыммен жаңа номинативтік белгінің ұқсастығы, мәндестігі негізінде уәжделуі;
-сөздердің ішкі семантикалық құрылымының сәйкес келуі;
-валенттілік заңының орындалуы;
-коннотациялық мағынасының қонымдылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |