Сөж пәні: Инклюзивті білім беру Тақырыбы



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі362,23 Kb.
#83210
1   2   3
Байланысты:
срс инкл б.б . қалниязова

Педагогикалық техника:
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;
Қол айқастыруға мүлдем болмайды;
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек;
Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі);
Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу;
Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі;
Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз.
Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:
Өнер білімге құштар;
Мүшелері мүлдем мінсіз;
Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;
Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз;
Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;
Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;
Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;
Жаратылысынан игі істерге ынтызар;
Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;
Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз,
Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек.
Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз. Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет