СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет3/5
Дата17.02.2017
өлшемі0,91 Mb.
#9773
1   2   3   4   5

Тесттер:

1.Монетаризм - ол:

A) ақша реформасының түрі;

B) ақша міндеті алтын мен күміске негізделген ақша жүйесі;

C) ақша айнамылының негізі және жалпы эквиваленты болып табылатын белгілі ережелерге бағындырылмайтын ақша жүйесі;

D) металдын өлшем салмағының маңызы белгілі ережелерге бағындырылмайтын ақша жүйесі.

Е) көп металл косылысынан жасалған ақша.
2. Ақшаға сұраныс түсінігі нені білдіреді:

A) бағалы қағаздарды ұстау, қажетті жағдайда фиксировалған бағамен ақшаға жеңіл;

B) ақша сомасың кәсіпкер несие берудегі және пайдалану мүмкіншілігі белгіленген ставка бойынша;

C) табыстын бөлінетің кризистік күндерге алып қалу;

D) сол сұраныста ақшаға активтер жағынан белгіленген

Е) сол да ақша сомасына активтер жағынан және сұраныстын ақшаға жасаған шарты.


3.Банктер немен шұғылданбайды:

А) бағалы қағаздарды сатады және сатып алады;

В) өздерінің клиенттерінің операциялары бойынша шоттарды жүргізеді;

С)тауарлардысатпайды;


D) ақшаны сатады және сатып алады;

Е) несие береді.


4. М1 өзіне кірістіреді:

A) металлдың және нақты қағаз ақша және чек жинағы;

B) металлдың және нақты қағаз ақша және тез жинағы;

C) металлдың және нақты қағаз ақша және бүкіл банктін депозиті;

D) бүкіл ақша және "ақша дерлік";

Е) барлық ақша жүйесі.


5.Ақша және «ақша дерлік» арасындағы айырмашылық неде:

А) «ақша дерлік» өзіне банктік шоттағы депозиттарды жатқызады;

В) ақшаны «ақша дерлікке» қарағанда көп жұмсауға болады;

С) ақша «ақша дерлікке» қарағанда тезірек айналымға түседі;


D) «ақша дерлік»- бұл ұсатылмайтын қағаз ақшалар;

Е) «ақша дерлік» өзіне ақшаға сатылатын барлық тауарларды қосады.


6. «Қолма-қол ақша және депозиттер» қатынасының ұлғаюы неге әкеледі:

А)ақша ұсынысының төмендеуіне;


В) ақша ұсынысының жоғарлауына;

С)ақша сұранысының төмендеуі;


D) ақша сұранысының жоғарлауына;

Е) ақша нарығындағы тепе-теңдікке.


7. Төменде берілгендердің қайсысы М2 агрегатына жатпайды:

А) банктік жүйенің барлық қолма-қол ақшасы;


В) кішігірім жинақ салымдары;
С) чектік депозиттар;
D) қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар;

Е) еңбек ақы.


8.Фишердің тендік және сандық ақша теориясын көрсет:

A) пайздың номиналдық ставкасына ақша масса өсімінің әсер етуі;

B) пайздың номиналды ставкасына ақша масса өсімінің әсер етпеуі;

C) жалпы баға денгейінің өсімі;

D)кіріс денгеінің нақты ауысуы;

Е) халықтың нақты табысының құлдырауы.


9.Негізделген макроэкономика мыналарды зерттейді:

A) нақты экономикалық құбылысты және олардың өзара байланысын;

B) «Не болу керек?»;

C) жорамал айту;

D) кәсіпорынның тиімділігі;

E) абстракты категория.


10.Негізгі шаруашылықтан тура рынокқа көшкен кезде азық-түлік пен айырбастау, ақша арқылы айырбастарға орын беріп, қайссы бірін ақша ретінде белгілі тауарлар орын алған және шыққан себебі - ол:

  1. Қолайлы болатын;

B) үнемсіз болды шығынның көптігінен, заттын тұрағына байланысты, сатушының керекті тауарың өзгеде бар тауарға айырбастауға дайын болғандықтан;

C) қоғамның бөлу еңбегінің дамыуна кедергі жасамады;

D) натуралды өндірісті пайда болғызбады;

Е) үнемділік болған.


Әдістемелік ұсыныстар. Тақырып 3 семинарлық сабақты өткізуді қарастырады. Оларға дайындалуды ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабақта ақшаның мәні мен функцияларын ашыңдар. Ақша массасы түсінігіне анықтама беріп, оның құрылымын талдауға кірісіңдер, яғни М1, М2, М3, L ақша агрегаттарын қарастырыңдар. 2 семинарлық сабаққа дайындалу барысында ақшаға сұраныс көлемінің өндірілген өнім саны мен ақша айналысының жылдамдығынан тәуелді болатынын көрсету (неоклассикалық анықтама). Осыған сәйкес ақшаға сұраныс бағалар деңгейінің өзгеруі есебінен олардың ұсынысмен теңестіріледі. Содан кейін ақшаға сұраныстың классикалық және неоклассикалық тұжарымдамаларын қарастырыңдар: неоклассиктердің номиналды ұлттық табыстан өспелі функция ретіндегі ақшаға қатысты трансакциялық сұранысты ғана қарастырғанына назар аударыңдар, Фишер айырбасының классикалық сандың теңдеуін және оның «кембридждық нұсқасын» талдаңдар; «ақша нейтралдығының» және неоклассикалық дихотомияның неоклассикалық қағидасының мәнін ашыңдар. Содан кейін ақшаға сұраныстың кейнсиандық теориясын талдаңдар. 3 семинарлық сабақта кассалық қалдықтар шамасын оптимизациялау процесін сипаттайтын Баумоль – Тобин моделін ашыңдар. Ақша ұсынысына анықтама беріңдер. «Несиелік мультипликация» түсінігінің мәнін ашып, банк жүйесінің «ақшаны құру» процесін толық қарастыру. Мұнда сондай – ақ коммерциялық бантердің міндетті, шығындық және нақты резервтерінің мәнін ашу қажет. Содан кейін қарапайым ақша мудьтипликаторы (депозиттік немесе банктік мультипликатор) мен депозиттердің бөлігін қол ақшаға ауысуын ескеретін (берілген несие) шынайы ақшалай мультипликаторды талдауға кірісу. Сондай – ақ депонирлеу мен «қолма – қол ақша - депозиттер» ара-қатынасының мағынасын қарастырыңдар. Қозғалмалы пайыз ставкасының ақша нарығындағы ақшаға сұраныс пен ұсыныс теңдігін қамтамасыз ететіндігін ашу.
Тақырып 4. IS-LM моделі және жиынтық сұраныс
СӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5. Төмендегі тақырыптарға реферат дайындау:

«Ақша және игіліктер нарығындағы бірлескен тепе – теңдік және оны IS-LM моделінің көмегімен талдау», «IS-LM моделі және Кейнс мультипликаторы».

6. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріп, жауаптарды негіздеңдер:

A).Графикте жиынтық сұраныс қисығы (AD) бейнеленген:



Мұндағы абсцисс осі мен ордината осі нені білдіреді?

B) Мыналар арасындағы функционалдық тәелділік қандай:

1) жалпы бағалар деңгейімен өзгеруімен; 2) пайыз ставкасының өзгеруімен және 3) ұлттық экономика масштабында жиынтық шығындардың өзгеруімен? Осы үш параметр жиынтық сұраныс қисығының теріс көлбеулілігін қалайша түсіндіре алады?

C). Жиынтық сұраныс қисығының оң жаққа орын ауыстыруына қандай себептер ықпал етуі мүмкін? Ал сол жаққа орын ауыстыруы ше?

D). Өндірістің нақты көлемі мен жалпы бағалар деңгейіне АS қисығы өзгермегенде АD қисығының өзгеруі қалай ықпал етеді?

7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Тауарлы және ақшалай нарыққа анықтама беріп, олардың экономикадағы ролін анықтаңдар.

  2. IS-LM бірлескен тепе- теңдік моделінің алғышарттары қандай?

  3. Құрудың үш тәсілдерінен шыға отырып, IS қисығына анықтама беріңдер (үш тәсіл: жинақтау мен инвестиция графигі арқылы, «кейнсиандық крест» арқылы, жиынтық сұранысқа құйылу және ағылу моделі арқылы).

  4. IS сызығының орын ауыстыруы және оның көлбеулілігіне қандай факторлар ықпал етеді?

  5. IS қисығының неоклассикалық және кейнсиандық интерпретациясы арасындағы айырмашылықтар қандай?

  6. LM қисығына анықтама беріңдер. Оның көлбеулілігі мен жылжулары неден тәуелді болады?

  7. Экономика үшін ақша – несие және фискалдық саясаттардың зардаптары қандай?

  8. Жеке инвестициялардың «ығыстыру эффектісі» неден байқалады?

  9. Өтімді және инвестициялық қақпан деген не?

  10. Игіліктер және ақша нарығындағы бірлескен тепе – теңдікке қалай қол жеткізуге боады?

Есептер:

1. Мемлекет бюджетінің тапшылығын қысқарту және инфляция деңгейін төмендету үшін үкімет салықты өсіреді. ІS-LМ үлгісін қолдана отырып графигін көрсетіңдер және пайыз мөлшерін өзгертпес үшін Ұлттық банк қандай шаралар қолданады?



2. Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы Т = 0,4Ү, трансферт функциясы F = 0,2Ү, баға деңгейі: Р = 1. Пайыз мөлшерлемесі R = 0,1 болғандағы қарыз D = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуетті өндіріс көлемі 2500-ге тең.

а) Мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе?

ә) Мемлекеттік бюджеттің циклдік тапшылығы қанша?


3. Экономика келесідей мәліметтермен берілген.

С = 20 + 0,8 (Ү-Т+F) (тұтыну).

I = 60 (инвестиция).

Т = 40 (салықтар).

Ғ = 10 (трансферттер).

G = 30 (мемлекеттік шығын).

а) Тепе-теңдік кіріс деңгейін есептеңдер.

ә) Мемлекет салық деңгейін 40-тан 50-ге дейін жоғарылатты (мемлекеттік шығындар G =30)


Тесттер:

1. "IS-LM" екі еселенген тепе-теңдік модельді кім ойлап тапты:

A) ағылшын экономисті Дж. М. Кейнс;

B) американдық экономист П. Самуэльсон;

C) американдық экономист В. Леонтьев;

D) ағылшын экономисті Д. Хикс.

Е) К. Маркс.
2. Қисық "IM" бейнесі:

A) барлық ҰТ-тың комбинациясы және ставканың пайыздың тенелуі, яғни ақша нарығында тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;

B) белгіленген уақыт периодында жеке салмағының келіп түсуі;

C) құнның максималды айырымы, яғни тұтынушы тауардың берілгені төлеуге даяр, және оның нарықтағы құны;

D) ақшаның соммасы, яғни сатылған тауар ішін өндірушінің алған ақша;

E) сатып алудың ұсынысының көлемі өндіріс технологиясына тәуелді.


3.Қандай жағдайда қисық ""LM" шеңберлігі қатысты:

A) шекті көңіл аудару жоғары;

B) салық салуға шегі ставка онша жоғары емес;

C) импорттарға шегі ауқым онша жоғары емес;

D) ақшада сұраныс сезімділігі жоғары, яғни нарықтағы динамикалық ставкаларының пайызы және жоғары емес ЖҰӨ динамикаға.

Е) жинақтауға шекті икемділіктің аса көп болуы.


4. Қандай жағдайда қисық "IS" шеңберлі болады:

A) шегті көңіл аудару тұтынуға жоғары;

B) инвестицияның сезімділігі және таза экспортта динамикалық пайызының ставкасы жоғары;

C) салық салуға шекті ставка онша жоғары емес;

D) импорттауға шегті ауқым онша жоғары емес;

Е) сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінде.


5.Түрі бірігудің мәселесінде IS-LM:

A) өсу ұсынысы LM қисығында көрінеді;

B) бағаның төмендеуі - қисық қозғалысымен LM оңға;

C) мемлекеттік шығынның өсуі - қисық қозғалысымен IS солға;

D) салықтық өсуі - қисық қозғалусымен IS оңға.

E) бағаның жоғарлауы IS қисығы солға қарай жылжуы.


6. IS-LM" моделінің құрлысы мыналарға:

A) ақшаға сұраныс функциясы табыс пен пайызды ставкадан шығады;

B) жинақтауының көлемі жинақталған заттардың пайызды ставкасымен анықталады;

C) инвестицияның көлемін функциясы ол пайызды ставка;

D) табыстың орналасу аумағы тұтынудың көлеміне тәуелді емес;

E) ҰТ-тың көлеміне тұтынудың көлеміне тәуелді.


7.Төменде берілген факторлардың қайсысы жиынтық сұраныс қысығының траекториясының қамтамасыз етпейді:

А) прценттік ставка эффектісі;

В) байлық эффектісі;

С) импорттық сатып алулар эффектісі;

D) кассалық қалдықтар эффектісі;

Е) кедейлік эффектісі.


8. Қандай фактор жиынтық сұранысқа әсер етпейді:

А) тұтыну шығындарындағы өзгерістер;

В) инвестиция шығындарындағы өзгерістер;

С) мемлекеттік шығындарындағы өзгерістер;

D) экспорттың таза көлеміне кеткен шығындарындағы өзгерістер;

Е) бірлік өнім сұранысындағы өзгерістер.


9.Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисығы нені көрсетеді:

А) ҰШЖ көрсеткіштерінің өзара байланысқан жүйесін;

В) баға деңгейін анықтайтын факторлар;

С) депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюы және аяққа тұру фазасының ұзақтығының қысқаруы;

D) технологиялық өзгерістер деңгейін;

Е) проценттік ставка деңгейін.


10.Экономика инвестицияға ұшырады. Бұл әділ ме:

A) инвестицияға сұраныс көбееді, егер пайыз төмендесе;

B) инвестицияға сұраныс көбеймейді, егер пайыз төмендесе;

C) ақшаның құны өсуі, жалпы ұлттық көлемінен әкеліп соғады;

D) үй шаруашылық актив портфелді және нақты ақшаны құрады;

E) инвестициялар сұранысына қарсылық білдірмейді.


Әдістемелік ұсыныстар. Сабақтарға дайындалуды ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 сабақта игіліктер және ақша нарығындағы бірлескен тепе – теңдік моделі - IS-LM моделінің мәнін ашыңдар. Бірлескен тепе – теңдік нүктесінен ауытқу және оған бейімделу механизмін қарастырыңдар. IS-LM моделінің көмегімен жиынтық сұраныс қисығын салыңдар. IS-LM моделін алғаш рет Хикс ұсынып, әрі қарай Хансен еңбектерінде қолдау тапқанын айта кету керек. IS-LM моделі монетарлы (ақша – несие) және фискалдық (салық – бюджеттік) саясаттар арасындағы айырмашылықтарды талдауға және оларды экономикалық конъюнктураның түрлі жағдайларымен үйлестіруге мүмкіндік береді. IS сызығына көптеген нүктелерден тұратын, тауарлар нарығы тепе – теңдікте болатын пайыздық ставка мен табыстың сәйкес деңгейлерін көрсететін қисық ретінде анықтама беріңдер. Содан кейін жинақтау мен инвестиция графигі, «кейнсиандық крест» моделі, жиынтық сұранысқа құйылу мен ағылулар модельдері сияқты үш тәсілді пайдалана отырып, IS қисығын салыңдар. IS сызығының көлбеуі мен орын ауыстыруы тәуелді болатын факторларды қарастырыңдар. Неокласскалық модельде IS қисығының неғұрлым көлбеу болатынына назар аударыңдар, өйткені неоклассиктер инвестициялар пайыздық ставканың өзгеруіне өте сезімтал болатынынан шығады. LM қисығына көптеген нүктелерден тұратын, пайыз ставкасы мен табыстың сәйкес деңгейлерін көрсететін сызық ретінде анықтама беріңдер. Содан кейін LM қисығын салыңдар. LM сызығының көлбеулігі мен орын ауыстыруы тәуелді болатын факторларды қарастырыңдар. 2 сабақта IS-LM моделінің «кейнсиандық крест» және Кейнстің өтімділік қалауы теориясының элементтерін қамтитынын қарастыру. Инвестицияны ығыстыру әсерін ашу. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында IS-LM моделінің экономикаға ақша – несие және фискалдық саясаттардың ықпал етуін бағалауға мүмкіндік беретініне талдау жасау. Фискалдық және монетарлық экспансия тиімділігіне неоклассикалық және кейнсиандық көзқарастарға салыстырмалы талдау жасаңдар, ығыстыру әсерінің масштабы бойынша олардың пікір – таластарының мәнін ашыңдар.


Тақырып 5. Жиынтық ұсыныс. «AD-AS» моделі.
СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау: «Жиынтық ұсыныс және макроэкономикалық шаруашылықтағы оның параметрлері», «Еңбекке сұраныс пен ұсыныс», «Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі».

6. «Еңбек нарығы және еңбекақы» тақырыбына топтық жобаны дайындау.

7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

8. Семинарлық сабақтың 1,2 сұрақтары дәстүрлі формада талқыланып, 3,4 сұрақтары презентация түрінде өтеді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Өндіріс факторларына анықтама беріп, өндірістік функцияны көрсетіңдер.

  2. Өндіріс факторлары бойынша ұлттық табысты бөлу механизмін көрсетіңдер.

  3. Жиынтық ұсыныс деген не және оның құраушылары қандай?

  4. Жиынтық ұсыныс динамикасына қандай бағалық және бағалық емес факторлар ықпал етеді?

  5. Жиынтық ұсынысқа қатысты классикалық және кейнсиандық тәсілдемелер арасындағы айырмашылықты атаңдар

  6. Еңбек нарығына сипаттама беріп, еңбекке сұраныс пен ұсыныстың айырмашылықтарын атаңдар.

  7. Еңбек нарығында қандай жағдайда тепе – теңдік туындайды?

  8. AD-AS қисықтарының қиылысуы нені білдіреді

  9. «Макроэкономикалық тепе-теңдік» түсінігін ашыңдар. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс өзгерістері нақты ЖҰӨ динамикасы мен бағалар деңгейіне ықпал етеді?


Есептер :

1. Кестеде жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштарының динамикасына әсер ететін бағадан тәуелсіз факторлар көрсетілген. Осы кестені толтырыңдар. Екінші бағанада сәйкес келетін жиынтық сұраныстың құрауьшггарьн, ал үшіншісіне оның өзгерісін (өсу (+), кему (-)) көрсетіндер.




Факторлар

Жиынтық сұраныс құрауышы

Өзгеріс

а) Халықтың өсуі







ә) Ақшаға ұсыныстың қысқаруы







б) Жеке салықтардың өсуі







в) Басқа мемлекеттердегі божанып отырған рецессия







г) Тұрғын үйлерге бағаның өсуі







д) Экономикада болжанып отырған рецессия








2. Төмендегі суретте жиынтық сүраныстың және жиынтық ұсыныстың қисықтары берілген. Жиынтық сұраныстың қисығы солға жылжиды.


а) Сұраныс қисығының қозғалысы баға деңгейіне қалай әсер етеді?

ә) Сұраныс қисығының қозғалысы баға деңгейіне қалай әсер етеді? Оның көлемі қалай өзгереді.

б) Егер экономикада өнім өндіру 50%-ға қысқарса, жиынтық ұсыныс қисығы қалай өзгереді?
3. Суретте жиынтық сұраныс қисығы көрсетілген:

а) Егер жиынтық ұсыныс қисығы вертикальды сызықта, нақты ЖҰӨ деңгейі 140 млрд. долларға тең болса, онда тепе-тендік көлемінде бағаның

деңгейі нешеге тең болады?

ә) Егер жиынтық ұсыныс қисығы горизонтальды сызық, баға деңгейі 120-ға тең болса, онда тепе-теңдік ЖҰӨ нешеге тең?

б) Егер жиынтық ұсыныс функциясы келесі түрде берілсе: Р = - 40+0 (мұндағы; Р - баға деңгейі, ал 0 - нақты ЖҰӨ көлемі), онда өнімнің

нақты көлемі және баға деңгейі неге тең?




4. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген:

Баға деңгейі

Нақты түрдегі өндірілген ЖҰӨ

250

2000

255

2000

200

1900

175

1700

150

1400

125

1000

125

500

125

0

а) Табу керек:

1) Жиынтық ұсыныс қисығы кейнстік кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай аралықта өзгереді?

2) Жиынтық ұсыныс қисығы классикалық кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі және баға деңгейі қандай аралықта өзгереді?

3) Жиынтық ұсыныс қисығы аралық кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай аралықта өзгереді?

ә) Төмендегі суретті пайдаланып, жиынтық ұсыныстың графигін сыз.

б) Кестеде жиынтық сұраныс функциясының 3 варианты берілген. Төмендегі кестеде берілген 3 вариантқа сәйкес келетін АД1, АД2 және АДз жиынтық сұраныс қисығын сыз, 3 варианттың әрқайсысына ЖҰӨ тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтандар.




Баға деңгейі

Нақты ЖҰӨ көлемі

(1)

(2)

(3)

250

1400

1900

400

225

1500

2000

500

200

1600

2100

600

175

1700

2200

700

150

1800

2300

800

125

1900

2400

900

100

2000

2500

1000



5. Суретте 6 жиынтық сұраныс қисығы және жиынтық ұсыныс қисығы берілген.

а) Егер оның сұраныс қисығы АД1 -ден АД2-ге; АДз-тен АД4-ке; АД5-тен АД6-ға орын ауыстыратын болса, онда жиынтық сұраныстың динамикасын анықтандар.





Нақты ЖҰӨ
ә) АД1 қисығының АД2-ге орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

б) АД3 қисығының АД4-ке орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

в) АД5 қисығының АД6-ға орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

г) Егер суретгегі АД қисығы солға жылжыса, жиынтық сұраныс қалай өзгереді?

д) Егер АД солға жылжыса, онда жиынтық сұраныстың өзгеруі ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?
Тесттер:

1.Жиынтық ұсыныс - бұл:

A) мемлекеттік шығындар сомасы;

В)берілген баға деңгейі кезінде қоғам масштабында ұсынылған тауар және қызмет саны;

С)мемлекеттік салық салу және мемлекеттік шығындарды бекіту процессі;

D)мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

Е)тиімді жұмысбастылық жүйесін қамтамассыз ету.

2.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арақатынасы нені сипаттайды:

А) берілген баға деңгейінде ТҰӨ шамасын;

В) берілген баға деңгейінде СОП шамасын;

С) берілген баға деңгейінде НД шамасын;

D) инфляция шамасын;


Е) айналымдағы ақша санын.
3. Қандай жағдай сұраныс жағын шошындырады:

A) ақша ұсынысының күрт өзгеруінің нәтижесі;

B) ақша айналымы жылдамдығының күрт өзгеруі;

C) инвестициялық сұраныстын күрт тұрақсыздануы;

D) тауар өндірудін азаюы;

E) бағаның өсуі.


4. Төменде берілгендердің қайсысы ұсыныс шогымен байланысты емес:

А) ресурстарға бағаның күрт өсуі;

В) табиғи апаттар;

С) заңдылықтардағы өзгерістер;


D) кәсіподақ белсенділігің арттыру;

Е) кәсіподақ рөлінің төмендеуі.


5.Төмендегілердің қайсысы кейнсиандық крстті білдірмейді:

А) бюджеттік-салықтық саясат;

В) ҰТ деңгейінің өмір сүруі;

С) мемлекеттік шығындар мен салықтардың табыстарға мультикативті әсер етуі;

D) жоспарланылатын инвестициялар;
Е) халық табысы.
6.Жеке тауар ұсынысының қисығына қарағанда жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу кезінде не ескеріледі:

А) тауар және ресурстық нарықтарда баға деңгейінің өзгеру қарқыны арасындағы айырмашылық;

В) нақты кассалық қалдықтар эффектісі;
С) проценттік ставка эффектісі;
D) импорттық сатып алу эффектісі;

Е) мультипликатор эффектісі.

7.Жоғарыда аталған нарықсыз детерминанттар (факторлар) жиынтық ұсыныстың қисығын оңға – солға жылжытпайды:

А) ресурстарға бағаның өзгеруі;

В) өндірістік еңбектің өзгеруі;

С) нормативті – құқықтық нормалардың өзгеруі;

D) технологиядағы өзгерістерді;

Е) ресурстарға бағаның тепе-теңдігі.


8.Модель "IS" нені көрсететінің анықтаныз:

A) инвестициялардың ұлттық табыстын пайздық нормаларының тұтынушылар;

B) жағдайының денгейінің төмендеуін;

C) сату көлемінін максимизациясын;

D) халықтың нақты және номиналдық табысының өсуі;

Е) ақшаның жалпы денгейінін өсуін және халықтын нақты табысының төмендеуін.


9.Қысқа мерзімді кезеңдегі негативті шок ұсынысы (мысалы, энергия тасымалдаушылардың бағасының өсуі) шақырады:

А) өнімнің шығару көлемі және бағаның өсуі;

В) бағаның өсуімен шығарудың көлемімен кемуі;

С) бағаның және шығару көлемінің түсуі;

D) бағаның түсуі және шығарудың өсуі;

Е) ұсыныстың шектелуі.


10.Кейсиандық концепцияда еңбек ұсынысы тәуелді:

A) еңбек ақының нарық ставкалары;

B) еңбек ақының номиналдың ставкасы;

C) пайыздықставкіден;

D) еңбек ағының не нақты да емес не номиналды де емес, не пайыздық ставкаларынан да тәуелсіз;

Е) өндірістік жұмыскерлердің санынаң.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинар сабағына дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында жиынтық ұсыныс табиғатын анықтамастан бұрын, фирмалардың қалай және неліктен жұмысшы күшін жалдайтынын білу қажет. Фирмалар жұмысшы күштерін пайда табу үшін жалдайды, ал жұмысшылар өз еңбегін табыс алу үшін сатады. Пайданы алу өндірістік функциямен анықталатын өндіріс жағдайларынан тәуелді болады. Осылайша, еңбекке сұраныс қалыптасады. Еңбек нарығы еңбекақы мен жұмыспен қамтылу деңгейін анықтауда зор маңызға ие. 2 семинарлық сабаққа дайындалу барысында неоклассиктер мен монетаристердің жиынтық ұсынысқа ерекше назар аударғанын байқау керек, ендеше олар экономикалық агенттерді жұмыс жасап, жинақтап, сол арқылы нақты шығару шамасын немесе өндіріс көлемін ұлғайтуға итермелейтін себептерге де ерекше көңіл бөлген. Жиынтық ұсынысқа талдау жасау керек: оның түсінігін, бағалық және бағалық емес факторларды, сондай – ақ АS қисығының үш учаскесіне талдау жасау. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында АD-AS қисықтарының қиылысуын шығарудың тепе – теңдік көлемі мен экономикадағы бағалар деңгейі анықтайтынын ашу керек.
Тақырып 6. Ашық экономика
СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына дайындалу

3. 1 семинарлық сабақ сұрақтары дәстүрлі формада және жарыс түрінде талқыланатын болады.

4. Екінші семинарлық сабақ визуализация семинары түрінде өткізілетін болады.

5. 3 семинарлық сабақтың сұрақтары проблемалы – ақпараттық семинар формасында өткізілетін болады.

6. Тест сұрақтарына дайындалу

7. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

8. Төмендегі тақырыптарға рефераттар жазу:

«Халықаралық экономика теориялары», «Ашық экономикадағы тұрақтандыру саясаты».

9. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Ашық экономика деп нені түсінесіңдер?

  2. Шағын және ашық экономиканың ерекшеліктері қандай?

  3. Манделл – Флеминг ашық экономикасының моделін сипаттаңдар.

  4. Қалқымалы айырбас курсы болғандағы Манделла – Флеминг моделін пайдалана отырып, жиынтық табыс, айырбас курсы және салықтар жоғарылағандағы ағымдық операциялар шотының қалай өзгеретінін түсіндіріңдер.

  5. Жұмыспен толық қамтылмаған ашық экономикада қалқымалы айырбас курсы жағдайындағы ынталандырушы ақша саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  6. Неге IS-LМ моделі макроэкономикадағы жалпы тепе – теңдікті емес, тек сұраныстың тепе – тең деңгейін сипаттайды?

  7. «Кейнстік крест» моделінің көмегімен сауда балансы сальдосының ашық экономикадағы тепе – тең шығару көлеміне ықпалын көрсетіңдер.

  8. Ағымдық операциялар шотына анықтама беріп, оның мазмұнын ашыңдар.

  9. Егер Қазақстан ХВҚ-нан 1 млрд. доллар қарызға алса, онда бұл капиатл қозғалысының шоты мен ағымдық шотта қалай бейнеленеді?

  10. Ашық экономика үшін Манделла – Флеминг моделі жабық экономика үшін IS-LM моделінен немен айрықшаланады?


Есептер:

1. Ел экономикасы келесі мәліметтерге ие (млрд. долл.):

-тауарлар экспорты 80

-тауарлар импорты 75

ел азаматтары шетел инвестицияларынан табыс алады

-шетелден пайыздық төлемдер түрінде 10

ел шетел инвесторларына табыс төлейді 1

- аталмыш ел азаматтарының туризсге шығындары 3

-аталмыш елдің туризмнен түскен табысы 2,5

-елдің біржақты трансферттері 2,5

-елден капиталдың кетуі 4,7

-елге капиталдың құйылуы 3,2

Мыналардың сальдосы қандай:

а) ағымдық шот;

б) капитал қозғалысының шоттары;

в) төлем балансының.
2. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталған:

1. Тауарлар экспорты 19 650$.

2. Тауарлар импорты 21 758$.

3. Ел азаматтары шетелден пайыздық төлемдер түрінде шетел инвестицияларынан табыс алады 3621$.

4. Ел шетел инвесторларына пайыз түрінде пайыз төлейді 1394$.

5. Аталмыш ел азаматтарының туризмге шығындары 1919$.

6. Аталмыш елдің туризмнен түскен табыстары 1750$.

7. Елдің бір жақты трансферттері 2388$.

8. Елдің капиталдан кетуі 4174$.

9. Елге капиталдың құйылуы 6612$.

а) Осы мәліметтерді пайдалана отырып, ағымдық щот, қаржылық шот және елдің төлем балансының сальдосын есептеңдер;

б) Елдің ресми валюталық резервтерінің көлемінде қандай өзгерістер бар?



3. Экономика келесі мәліметтермен сипатталған:

Sp = -50 + 0,2 (Y- Т) – жеке сектордың жинақтау функциясы;

I = 100 - 5Rинвестициялар функциясы.

Тұтынушылық шығындар 530, пайыз ставкасы 7%, ал бюджеттік артықшылық BS = 10. Ағымдық операциялар шотының сальдосын есептеңдер.
4. Экономика келесі мәліметтермен сипатталған:

1. ағымдық операциялар балансы = 50.

2. күрделі шот балансы = -60.

3. ресми резервтер = +10.

а) аталмыш жағдайда төлем балансының пассиві немесе активі бар ма?

б) валюталық резервтермен операциялар аталмыш ел экономикасына қандай ықпал етеді: ынталандырушы немесе ұстап тұрушы?


Тесттер:

1. Егерт капитал қозғалысы бойынша оңды сальдосы болса, онда:

A) мемлекеттік жинақтар жеке инвестициядан асады

B) жеке инвестициялар үй шаруашылық жинақтарынан асып кетсе

C ағымдағы оперцияның есептерінің оңды сальдосы болса;

D) таза экспорты кері өсім болса;

E) жұмыссыздар саның өсуімен.
2. Ашық экономикалық жүйе функциялау нәтижесі келесі көрсеткіштерімен мінезделеді:

Таза инвестиция 1650. Үй шаруашылығының жинақталуы 1525.

Мемлекет бюджетінің жоғарлауы 325. Олардың негізінде таза экспорт тауарлары мен қызметтері мынаған тең болады:

A) 125 бірлік;

B) 175 бірлік;

C) 200 бірлік;

D) 450 бірлік;

E) 300 бірлік;


3.Ел тұрғындардың шетел тауарларына деген барлық шығын сомасын не болып табылады:

А) ұлттық тұтыну;

В) импорт;

С) экспорт;

D) жинақтау;

Е) таза экспорт.


4.Шағын ашық экономикасы бар елде тұрақты айырбастау бағамы және тұрақты баға деңгейінде өндірістік ұлттық табыстың нақты көлемі келесі жолмен арттырылуы мүмкін:

А) коммерциялық банктер үшін міндетті резервтер нормасын төмендету;

В) мемлекет бюджет тапшылығының азаюы;

С) мемлекеттің шығындардың азаюы;

D) халықтан шетел валютасын сатып алу;

Е) таза ұлттық өнімінің азаюы.


5.Мемлекеттегі кіші, ашық экономикасы мен қалқымалы валюта курсына және белгіленген баға деңгейін қамту жолдары:

A) айналымдағы ақша санын көбейту;

B) айналымдағы ақша санын азайту

C) таза салықпен қысқартуы

D) мемлекеттік шығындарды көбейту;

E) мемлекеттік шығындарды қысқарту.


6.Жабық экономикада фискалды және ақша саясатын бірігіп қолдану екі жақты тепе-теңдікке жету үшін экономикалық шаралардың екі кешені да толық төмендегідей жағдайларда болғанда ғана нәтиже береді:

А) бір бірін бейтараптандырады;

В) бір бірін бейтараптандырмайды;

С) бір бірінде өзара ериді;

D) бір бірінен оқшау әрекет етеді;

Е) өздерінің әрекетсіздігін көрсетеді.


7.Толық конверттелген ұлттық валюта дегеніміз;

A) шетел валюталарын шексіз сатып алу мүмкіншілігі бар

B) ұлттық валютаны еркін әкелу және әкету мүмкіншілігі бар;

C) бір елдік ақша берілген басқа елдің ұлттық валютасына еркін айырбастау мүмкіншілігі бар;

D) мемлекеттіңк шығындардың төмендеуі;

E) миграциялық ағымдар белсенділігін арттыру.


8. Халықаралық сауда мен халықаралық қаржы қатынастар әлемнің әр түрлі елдерде қатысатын экономика:

А) Экономика.

В) Жабық экономика.

С) Халықаралық экономика қатынастар.

D) Ашық экономика.

Е) Әлемдік экономика.

9. Ұлттық валюта екі елде де айырбасталуының қатынасы:

А) Айырбас бағамы.

В) Номиналды айырбас бағамы.

С) Нақты айырбас бағамы.

D) Тіркелген айырбас бағамы.

Е) номиналды – нақты айырбас бағамы.


10. Нақты айырбас бағамын есептеу формуласы:

А) РОК= НОК* ішкі нарықтағы баға / сыртқы нарықтағы баға.

В) РОК= НОК* + сыртқы нарықтағы +баға ішкі нарықтағы баға.

С) РОК= НОК / сыртқы нарықтағы - баға ішкі нарықтағы баға.

D) РОК= сыртқы нарықтағы +баға ішкі нарықтағы баға.

Е) Валюта бағамы жоғарлайды


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты негізгі және қосымша әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында ашық экономика бұл ел үкіметі тауарлар, қызметтер және валюта мен өндіріс факторларының еркін орналастырылуына кедергі жасамайтын экономика болып табылатынына ерекше назар аудару керек. Шағын және үлкен ашық экономика арасындағы айырмашылықты көрсету. Ашық экономиканың елдер экспорты мен импорты сомаларының ЖІӨ - ге қатынасымен (%) өлшенетінін көрсетіп, бұл шама неғұрлым көп болса, соғұрлым экономика ашық болып табылатынын бейнелеу. Макроэкономикалық тепе – теңдікке экономикалық жүйенің баланстанған жағдайы ретінде анықтама беріп, ашық экономиканың ішкі және сыртқы тепе-теңдігіндегі айырмашылықты көрсету. 2 семинарлық сабаққа дайындалу барысында халықаралық экономиканың қаржылық аспектілерімен байланысты процестерді қарастыру. Төлем балансынан ел ішінде айналатын ақша көлемінің, валюталық нарықтағы ұлттық ақша бірлігінің ағымдық курсы, елдегі және шетелдегі бағалар деңгейі арасындағы айырмашылық тәуелді болатынын көрсету. Айырбас курсына түрлі елдердің валюталары ара – қатынасы ретінде және сатып алу қабілетінің паритетініне бірегей баға заңы ретінде анықтама беру. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында мемлекетте ұлттық валюта курсын реттеу түрінде валюталық саясатты пайдалану мүмкіндігі бар екеніне назар аудару. Манделла – Флеминг моделін ашу. Әлемдік нарыққа ұлттық экономиканың үлесі шағын ғана, осыған байланысты оның негізгі даму параметрлері әлемдік нарықпен берілген. Экономикалық шешімдер қабылданғандағы айырбас курсының маңызы зор екенін көрсету.

Тақырып 7. Айырбас курсының режимдері және жиынтық сұраныс
СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Бекітілген және қалқымалы айырбас курсы бар ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат», «Ашық экономикадағы ВР, IS және LM»

6. Тақырыптың барлық сабақтарының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады.

7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. IS - LM - ВР моделі нені көрсетеді және ол қандай секторларды сипаттайды?

  2. IS, LM және ВР қисықтарына анықтама беріп, олардың құрылу қағидасын түсіндіріңдер.

  3. Капиталдың шоғырлану және шоғырланбау мемлекеттік саясаты IS - LM -ВР моделінің шегінде макроэкономикалық түзетулер нәтижелеріне қалай ықпал етеді?

  4. Бекітілген валюталық курсы бар ашық экономикадағы жиынтық сұраныстың сипатты белгілері қандай?

  5. Бекітілген валюталық курс жағдайында ақша – несие саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  6. Бекітілген валбталық курс жағдайында сыртқы сауда саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  7. Қалқымалы валюталық курсы бар ашық экономикадағы жиынтық сұраныстың сипатты белгілері қандай?

  8. Қалқымалы валюталық курс жағдайында бюджет – салық саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  9. Қалқымалы валюталық курс жағдайында ақша – несие саясатын пайдаланудың нәтижелері қандай?

  10. Экономикалық саясаттың нәтижелілігі тұрғысынан не қалаулы: қалқымалы немесе бекітілген айырбас курсы? Қандай жағдайларда?


Есептер:

1. 1992 ж. сомның долларға қатысты айырбас курсы 2300 с./дол., ал 1997 ж. қаңтар айында -5700 с./дол. Осы уақыт ішінде АҚШ-ғы бағалар деңгейі 1.2 есеге, ал Ресейде - 84.4 есеге өсті. Сомның долларға қатысты нақты айырбас курсы қалай өзгерді?

2. Бастапқы экономикалық конъюнктура 5 суретте а нүктесімен ұсынылған.

Орталық банк пен үкіметтің қатысуынсыз ұзақ мерзімді кезеңде экономика жағдайы мынадай көрсеткіштер барысында қалайша болады:

а) бекітілген валюталық курс?

б) қалқымалы валюталық курс?


3. Ашық экономикадағы шағын елдің ағымдық экономикалық конъюнктурасы ел ішіндегі және шетелдегі берілген баға деңгейі барысында А(io , yo) нүктесімен бейнеленген.

Елдің экономикалық жағдайын сипаттап, екіжақтылық тепе – теңдікке жетуге қажетті тұрақтандыру саясатының шараларын ұсыныңдар:

а) бекітілген валюталық курс;

б) қалқымалы валюталық курс.




Тесттер:

1.Ұлттық валютаның айырбастау курсының артуы IS қисығын ығыстырады:

А) солға;

В) оңға;


С) төмен;

D) жоғары;

Е) өзгеріссіз қалады.
2.Классикалық модель немен сипатталады:

A) салыстырмалы қысқа мерзім қиындысында экономиканың функциялануы;

B) өндіріс факторларынын сапалы жетілдірілуі;

C) ұзақ мерзімді кезен ішіндегі экономиканың іс әрекетімен;

D) сала аралық тепе-теңдігімен.

Е) табыстың өзгеруімен.


3.Нақты валютаның курсы номиналды курсынан ерекшелігі мынаны сипаттайды:

A) екі мемлекеттің ұлттық валюталарының нақты бағасы;

B) әртүлі мемлекеттерде тауарлар жөніндегі бағасы;

C) шетел валютасының санына, оған ұлттық валютаның айырбастау ға жасап алуға болады;

D) ешқандай айырмашылығы жоқ.

E) елдің бәсеке қабілеттілігі.


4.Қалқымалы валюта бағамы кезінде ұлттық валюта перманентті түрде девальвацияланады немесе ревальвацияланады, сондықтан бағаның өзгермелі деңгейі жағдайында тұрақтандырушы саясат шараларының салдары мынандай болады:

А) жоспарланатын;

В) алдын ала болжанбайтын;

С) қиын болжанатын;

D) өзгермелі;

Е) пропорционалды.


5.Нақты айырбас бағамын жоғарлату неге әкеледі:

A) шетел тауарларының қатысты қымбатталуы;

B) отандық тауарлардың қатысты қымбатталуы;

C) таза экспорттың жоғарлауы;

D) таза экспорттың кішіреюі.

E) шетел жұмысшы күшінің қымбаттауына.


6.Мемлекеттегі кішкентай ашық экономиканы реттеу жүйесі "қалқыту" валютаның курсы болып табылады:

A) протекционисті пайдалану саясаты ынталандыру үшін таза экспорт және нақты көлем ұлттық өндірісті жоғарлату;

B) ақшалай-несие пайдалану саясатың ынталандыру үшін таза экспорт және нақты көлем ұлттық өндірісті жоғарлату;

C) фискальды саясатын пайдалану ынталандыру үшін таза экспорт және нақты көлем ұлттық өндірісті жоғарлату;

D) әлеуметтік саясатының тиімділігі;

E) импорт алмасу саясатын жүргізу мүмкіндігі.


7.Макроэкономикада шағын ашық экономика деп қандай елдің экономикасы аталынады:

А) аумағы әлемнің аз бөлігін құрайтын;

В) ЖҰӨ-да импорт пен экспорттың аз үлес салмағына ие;

С) әлем халықтарының аз бөлігін құрайтын халқы бар;

D) проценттік ставкасы сыртқы заем төлеміне тәуелді;

Е) экономикалық коьюнтурасы әлемдік прцент ставкасына халықаралық капитал ағымына әсер етпейтін.


8.Валюта курсының жағдайының рестрикциондың ақша-несие саясат әкеледі:

A) ұлттық валютаның номиналдың азаю курсының шет елдің валютасының қарым-қатынасы;

B) номиналдың ұлттық валюта курсының жоғарлауы;

C) номиналдың ұлттық валюта курсының қалпында қалуы.

D) ұлттық валютаның номиналды бағамының шетел валютасына қатысты төмен;

E) жұмыссыздық шамасының кеңеюі.


9. Ашық экономика мына жағдайда тепе – теңдікте болады:

А) ішкі шығындар ұлттық табысқа тең;

В) сауда балансы жинақтарға тең;

С) ішкі инвестициялар жинақтарға тең;

D) сауда балансы жинақтар мен инвестициялардың айырмашылықтарына тең.

Е) дұрыс жауабы жоқ.


10. Жиынтық сұраныс ненің даму параметрлерімен анықталады:

А) нақты және ақшалай секторлардың;

В) ақшалай және бюджеттік секторлардың;

С) ақшалай, бюджеттік және сыртқы секторлардың;

D) барлық аталған секторлардың;

Е) қаржы секторының.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты негізгі және қосымша әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында елдің айырбас курсы қандай болу керек (қалқымалы немесе бекітілген)сұрағына жауап беру керек. Жауап беру барысында, бекітілген валюталық курс болғанда Ұлттық банк дербес ақша саясатын жүргізе алмайтынын, ал қалқымалы валюталық курста фискалдық саясаттың нәтижелілігі төменірек болады, және елдер арасындағы капитал құйылуы жоғарырақ болатынын айта кету керек. Жабық экономика үшін IS–LM моделіне сыртқы экономиканы да орнатуға болады. Экспорт пен импортты жүргізу IS қисығын оңға жылжытады. 2 семинарлық сабаққа дайындалу барысында ашық экономика үшін IS-LM моделін кеңінен қарастыру керек. Төлем балансы сызығын немесе төлем балансының тепе – теңдігі орын алатын ұлттық табыстың пайыздық ставкасының түрлі комбинацияларын көрсететін ВР қисығын ашу. Айырбас курсы шамасының өзгеруі ВР сызығының орын ауыстыруына әкеледі. солға – жоғарылауы, оңға – ұлттық валютаның төмендеуі. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында төлем балансын теңесіру әдістері халықаралық қаржы жүйесінің бекітілген немесе иілмелі валюталық курстары сияқты принциптердің қайсысына байланысты құрылғанын көрсету. Капиталдың төмеңгі және жоғары шоғырлануы барысында бюджет – салық, ақша – несие және сыртқы сауды саясатының ішкі және сыртқы тепе – теңдікке ықпалын қарастыру.
Тақырып 8. Инфляция және жұмыссыздық
СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5. Төмендегі тақырыптарғы рефераттар дайындау: «Қазіргі таңдағы инфляция модельдері және тұжырымдамалар», «Инфляцияға қарсы саясат. мәні, түрлері, кейнсиандық және монетаристік құралдар».

6. «ҚР-ғы инфляциялық процестердің ағымдық жағдайы», «ҚР-ғы қазіргі еңбек нарығының ерекшеліктері мен жұмыссыздық мәселелері» тақырыптары бойынша жеке шолу мен статистикаға талдау жасау

7. Топтың қалған мүшелерін 2 тең бөлікке бөлу арқылы 2 байланысты емес топтық жобаны өңдеу. Оның мақсаты Қазақстандағы инфляцияны төмендету бойынша шаралар тізімін ұсыну.

8. Тақырып бойынша глоосарий құру.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жұмыспен қамтылудың неоклассикалық және кейнсиандық тұжырымдамаларының мәні неде?

  2. Каталог: attachments -> article -> 714
    article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
    article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
    article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
    article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
    article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
    article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
    article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
    714 -> Қазтұтынуодағы
    714 -> Макроэкономика


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет