СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет2/5
Дата17.02.2017
өлшемі0,91 Mb.
#9773
1   2   3   4   5

* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған
Тақырып 1. Макроэкономика пәні мен әдісі. Ұлттық шоттар жүйесі
СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тест сұрақтарына жауап беру

  4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

  5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер», «Кірістер мен шығыстар айналымы», «Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз»

  1. «Негізгі макроэкономикалық мектептер және макроэкономикадағы бағыттар» тақырыбына ауызша баяндама дайындау

  2. Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

  3. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Макроэкономика және микроэкономика арасындағы айырмашылық қандай?

  2. Макроэкономикамен зерттелетін кілтті мәселелерді атаңдар?

  3. Макроэкономикада қолданылатын экономикалық модельдерді атаңдар.

  4. ЖІӨ қандай тәсілдермен өлшенеді?

  5. Нақты ЖІӨ мен номиналды ЖІӨ-нің айырмашылықтары қандай?

  6. Қандай айналым модельдері Сізге белгілі?


Есептер:

1. 2 жыл үшін келесі мәліметтер берілген:




Номиналды ЖІӨ

ЖІӨ дефляторы

1929жыл

96 млрд. доллар

100%

1933 жыл

48 млрд. доллар

75%

1933 жылы нақты ЖІӨ қанша болды? Егер базистік кезең ретінде 1929 жыл алынса?
2. Жабық экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • тұтынушылық шығындар (С)=1200;

  • жалпы инвестициялар (I)=500;

  • мемлекеттік шығындар (G)=300;

  • мемлекеттік трансферттер (TR)=200;

  • мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар (N)=100;

  • салықтар (T)=400;

  • таза экспорт (Xn)=-100.

Мыналар неге тең:

а) жеке жинақтаулар;

б)мемлекеттік жинақтаулар;

в) сыртқы әлем жинақтаулары?



3. 2 өнім өндіріліп, тұтынылады деп болжайық: алма және апельсиндер. Апельсиндер 1982ж. 1 долл., ал 1990ж. - 0,5 долл. тұрды. Алмалар 1982 ж. 0,5 долл., ал 1990 ж. - 1 долл. тұрды. 1982 ж. 10 алма мен 5 апельсин өндірілген болатын ал 1990 ж. 5 алма мен 10 апельсин өндірілді. базистік жылға 1982 жылды ала отырып, 1990 жыл үшін ЖІӨ дефляторын есептеңдер.
4. 1929 жыл үшін АҚШ экономикасы бойынша келесі мәліметтер келтірілген ( млрд. доллар):

Трансферттік төлемдер

4,0

жалпы ішкі инвестициялар

16,2

бизнеске жанама салықтар

7,0

жеке табыс салықтар

2,6

таза экспорт

1,1

корпорацияның бөлінбеген пайдасы

2,8

Амортизация

7,9

жеке тұтынушылық шығындар

77,2

корпорация пайдасына салықтар

1,4

әлеуметтік сақтандыруға жарналар

0,2

тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу

8,5

а) ЖІӨ көрсеткіштері мен қолда бар жеке табысты есептеңдер.

б) Жеке жинақтаржың көлемі қандай?

в) Экономикадағы капитал қоры қаншаға өсті? (ЖІӨ=ЖҰӨ)
5. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталған:


  • тұтыну шығындары (С)=2300;

  • инвестициялар (I)=700;

  • мемлекеттік шығындар (G)=800;

  • мемлекеттік трансферттер (TR)=100;

  • мемлекеттік қарыз бойынша пайыз төлеу (N)=100;

  • салықтар (T)=800;

ЖІӨ=ЖҰӨ деп болжанады.

Есептеңдер:

А) жеке жинақтарды;

Б) мемлекеттік жинақтарды;

В) мемлекеттік облигациялар мен мембюджет тапшылығын жабу үшін арналған ақшаның қосымша көлемін, егер тапшылық 80% облигация шығарумен қаржыландырылатыны белгілі болса?
Тесттер:


  1. Мөлшерлік макроэкономикалық талдау кезінде жүзеге асырылады:

A) экономикалық субьектінің теориялық әрекет моделінің негізі;

B) макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне экономикалық субъектілер әсер етеді;

C) макроэкономикалық саясатының құралдарын пайдалануы туралы ұсынысы;

D) ғылыми теориялық болжаудың дұрыстығын сезім арқылы және табиғи жағайда да дұрыстығын тексереді;

E) ғылыми абстракциямен.


  1. Қай жауаптар макроэкономиканың құралдарына жатпайды:

A) бюджет-салық саясаты;

B) ақша саясаты;

C) сыртқы сауда саясаты;

D) кадр саясаты;

E) несие саясаты.


  1. Макроэкономика қандай сұрақтарды зерттейді:

A) үй шаруашылықты, фирма, жеке тұтынушылар мен өндірушілердің сияқты мінез - құлқын зерттейді:

B) жалпы экономикалық жүйеде инфляцияны, жұмыссыздықты, ақша айналысын және экономикалық тепе-теңдіктің себептерін талдайды;

C) өндірістің өнімін сату және өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеу сұрақтарын;

D) қант қызылшасының өндірісін ұлғайту процессін мәселесін зерттейді;

E) шағын бизнес секторын мен қызметін талдайды.


  1. Макроэкономикалық процестерді оқып үйренудің негізгі әдістері мен құбылыстарына не жатпайды:

A) ауызша моделдеу;

B) математикалық моделдеу;

C) қыйсық сызықпен (кестемен) моделдеу;

D) ғылыми тәжірибе;

E) микроэкономикалықталдау.
5. Макроэкономикалық модельдер нені білдіреді:

A) әр-түрлі экономикалық көрсеткіш және процесстерінің құрылуы арасындағы функционалдың қарым-қатынастарының мақсаты орындалуымен байланысты;

B) ең белсенді әдістері экономикалық саясатты аймақтарда жүргізу үшін арналады,

C) психологиялық және сала-аралық қозғалыстар;

D) нақты қызметтің ғылыми абстрактісі;

E) экономикалық саясат пен заңдылықтардың жетілмегендігін.


6. Позитивті макроэкономика нені зерттейді:

А) нақты экономикалық құбылыстар мен олардың өзара байланысын;

В) «не болуы тиіс»;

С) бағалау пікірін;

D) кәсіпорынның рентабельділігін;

Е) абстрактілі категорияларды.


7.Макроэкономиканың модельдерінің құрылуында қандай ғылыми – абстракциясының әдісі қолданылады:

A) модельді нақты өмірге келіспелі қылады;

B) экономикалық процестің ішкі логикасын өзгертеді;

C) мәселенің шешілуін жеңілдетеді;

D) математикалық заңдылықтардың қолдануын жеңілдетеді;


  1. моделдердің экономикалық мәнің өзгертеді.




  1. Макроэкономиканың негізгі субъектісі не болып саналады:

A) орталық банк;

B) үй шаруашылығы;

C) фирмалар;

D) тауарлар нарығы және қызметтер;

E) мемлекет.


  1. Макроэкономиканың ерекше белгілеріне не жатады:

A) тұтастай экономиканың қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын зерттеу;

B) аса актуалды мәсеселелер бойынша бір текті фирмалар арасындағы шаруашылық қатынастарының жағдайын зерттеу;

C) нарықтың экономикадағы агенттерінің экономикалық әрекеттерін зерттеу;

D) теориялық гипотезаның дұрыстығын эмпирикалық тексеру;

Е) нақты кәсіпорын қызметінің рентабельділігін талдау.
10. Мысалы, Орталық банк хабарлауы бойынша есеп ставка ақшаға деген сұранысты төмендетеді инфляцияның баяулауына әкеледі. Бұл хабарламада макроэкономиканың анализдің қорытындылары сипатталады:

A) нормативтік;

B) позитивтік;

C) жүйелі функционалдық;

D) формалдық логика;

E) математикалық моделі.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарлық сабақтарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында макроэкономика пәнінің нені оқытатынына назар аударып, макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығын түсініп, макроэкономикалық талдау ерекшеліктерін сипаттап (экономикалық категориялармен агрегирлеу), макроэкономика құралдары мен модельдерін қарастырған жөн. 2 сабақта ақшалай және материалдық ағындар айналымының моделін ашып, үш айналым моделі нені бөліп қарастыратынын көрсету: жабық экономикадағы айналым моделі (экономикалық субъектілердің екі тобы қатысады- үй шаруашылықтары мен фирмалар), мемлекеттің қатысуымен айналым моделі, мұнда үй шаруашылықтары мен фирмалардан басқа мемлекет қатысады, және шетелдің қатысуымен айналым моделі, яғни ашық экономика моделі. БҰҰ, ХВҚ, ББ, ЭДЫБ және Еуропалық одақтың статистика бөлімінің бірлескен күш салуымен өңделген ұлттық шоттар жүйесі түсінігін қарастыру. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында ҰШЖ-нің маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын сипаттайтынын көрсетіп, теңдеудің көмегімен негізгі макроэкономикалық теңдік формуласын шығарып, экономикалық өсімнің нақты ЖІӨ өсімінен байқалатынын көрсету.


Тақырып 2. Игіліктер нарығы
СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттарды дайындау:

«Жиынтық сұраныс және оны анықтаушы факторлар», «Тұтыну және жинақтау: мәні, олардың деңгейін анықтайтын факторлар», «Мемлекеттік шығындар және Кейнс мультипликаторы».

6. «Мультипликатор - акселератор моделі : мәні және әрекет ету механизмі» тақырыбына баяндама дайындау.

7. «Кейнс мультипликаторының мемлекеттік шығындарға ықпалы», «Экспортқа сұраныс жиынтық сұраныс құраушысы ретінде», «Бюджет-салық саясаты және оның мемлекеттік шығындардың қалыптасуындағы ролі» тақырыптарына жеке жобаларды дайындау.

8. «ҚР-ғы инвестициялық саясат» тақырыбына бұтақтар мақсатын құру

9. Тақырыптың барлық сабақтырының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады.

10. Тақырып бойынша қысқаша глоссарий құру.


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жиынтық сұраныс құрамына не кіреді?

  2. Макроэкономикалық тепе – теңдік мәселесін құраңдар?

  3. Тұтыну функциясын түсіндіріңдер?

  4. Тұтынуға шекті бейімділік нені білдіреді?

  5. Макроэкономикалық тепе – теңдіктің классикалық және кейнстік модельдерінің айырмашылықтары қандай?

  6. Инвестиция деген не және олардың түрлері қандай?

  7. Инвестициялық сұраныс үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұранысынан немен айрықшаланады?

  8. Пайыздық ставка және инвестициялар арасындағы байланыс неден байқалады?

  9. IS моделін түсіндіріңдер.

  10. Бюджеттік – салық саясаты мемлекеттік шығындар деңгейіне қалайша ықпал етеді?

  11. Мультипликативтік әсердің әрекет ету механизмі қандай?


Есептер:

1. Өнім шығару көлемі жоспарланған шығыннан асқан кезде, онда төмендегі тұжырымдарды айтуға болады:

а) Өткізілмеген өнім қоры өседі, ал өнім шығару деңгейі төмендейді;

ә) Өткізілмеген өнім қоры өседі жөне өнім шығару деңгейі де өседі;

б) Өткізілмеген өнім қоры төмендейді және өнім шығару деңгейі де төмендейді;

в) Өткізілмеген өнім қоры төмендейді, ал өнім шығару деңгейі өседі.
2. Жаңа технологиялық құрал енгізгеннен кейін банк жүйесіңде ақша айналу жылдамдығы көбейді. Орталық банк экономикада өнім көлемі және баға деңгейін қалыптастыру үшін ақша ұсынысын өзгертті. Орталық банктің қалыптастыру саясаты қалай болатынын графикте көрсетіндер.
3. Алғашында экономика өзінің әлуетті (Ү*) деңгейіңде жұмыс істейді дейік. Кейіннен шок әсерінен әрбір баға деңгейі белгісінде жиынтық сұраныс төмендейді. Бұл қатаң баға жағдайында тудырады:

а) Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын;

ә) Экономикадағы капитал қорының азаюын;

б) Әлеуетті ЖҰӨ төмендеуін;

в) Жұмыс айлығының және бағаның жоғарылауын.
4. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатгалады:

Ү=С + І + G+ Хn

С = 300 + 0,8Үd

I = 200 + 0,2Ү

Хn = 100 - 0,04Ү

G = 200

t= 0,2

Анықтау керек:



а) Табыстың тепе-тендік деңгейін;

ә) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.


Тесттер:

1.Тұтыну мен табыс арасындағы байланысты ашатын теорияға жатпайды:

A) Дж. М. Кейнстің тұтыну функциялары;

B) М. Фридменнің перманенттік табыс теориясы;



  1. Ф. Модильянидің өмірлік циклнің концепциясы;

  2. М. Фишердің монетаризм теориясы;

  3. А. Смиттің көрінбейтің қолы.

2.Ұлттық табыс шамасын анықтау үшін:

А) ЖҰӨ шамасынан жанама салық сомасын алып тастау керек;

В) ЖІӨ шамасын қолданылатын негізгі қорларды қолданудың тозу сомасына азайту;

С) ЖҰӨ шамасынан амортизациялық аударым сомасын алып тастау керек;

D) ЖІӨ-ге мемлекеттік әлеуметтік трансферттік төлемдер сомасын қосу керек;

Е) ЖҰӨ-ге жанама салық сомасын қосу керек.
3.Мемлекеттік бюджет – бұл:

А) мемлекет шығындары мен табыстарының шоты;

В) мемлекет табыстарының барлық көздері;

С) мемлекет шығындардың барлық баптары;

D) жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы;

Е) проценттік ставканың ұлғаюы.


4.Төменде берілгендердің қайсысы мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың негізігі тәсілдіріне жатпайды:

А) несиелік эмиссия;

В) Заемдар шығару;

С) мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің ұлғаюы;

D) мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің азаюы;

Е) ақша эмиссиясы.


5.Егер де ұлттық табыстан корпорация табысына салынатын салықты алып тастаса, бөлінбеген табысты және әлеуметтік сақтандыруға салымдарды алып тастаса, содан кейін таза трансферттік төлемдерді қосса, онда шығатын сома-бұл:

А) жеке табыс;

В)амортизация;
С) ЖҰӨ;

D) ТҰӨ;


Е) қолда бар табыс.
6.Мемлекеттік табыс-бұл:

А) берілген елдің үкімет алдындағы фирмалардың, банктердің және шетел мемлекеттердің қарызы;

В) үкіметтің халықтың алдындағы қарызы;

С) үкіметтің шетел мемлекеттің алдындағы қарызы;

D) үкіметтің барлық шаруашылық субьектілер алдындағы қарызы;

Е) халықтың үкімет алдындағы қарызы.


7.Мемлекеттік шығындар мультипликатордың эффектісі және салықтық мультипликатор саласындағы айырмашылық неге әкеледі:

А) салықтарды төмендетуге қарағанда мемлекеттік сатып алудың өсуі жеке инвестицияларды төмендетеді;

В) мемлекеттік сатып алудың өсуіне қарағанда салықтарыд төмендету бюджеттік тапшылықтың ұлғаюына әкеледі;

С) салықтарды төмендетуге қарағанда мемлекеттік сатып алудың өсуі жиынтық шығындарға тура әсер етеді;

D) валюталық резерв көбейеді;

Е) пайдаға салынатын салық ставка жоғарлайды.


8.Циклдік мемлекеттік бюджет төмендегілер арасындағы айырмашылықты білдіреді:

А) ағымдағы мемлекеттік шығындар және кірістер;

В) нақты және құрылымдық тапшылық;

С) нақты тапшылық және толық жұмыс бастылық жағдайындағы бюджет тапшылығы;

D) ағымдағы тапшылық және мемлекеттік қарыз бойынша проценттерді төлеу сомасы;

Е) толық жұмыс бастылық жағдайында бюджетке түсетін ағымдағы мемлекеттік шығындар және кірістер.


9.Басты макроэкономикаға тепе-теңдікке не жатпайды:

А) табыс тепе-теңдігі;

В) қор жинау тепе-теңдігі;

С) мемлекеттік бюджет тепе-теңдігі;

D) еңбек ақы тепе-теңдігі;

Е) инвестициялар тепе-теңдігі.


10.Ұлттық табыстың көлемін анықтағанда көрсетілген агрегаттық мөлшердің қайсысы пайдаланылмайды:

A) корпорация кірісі;

B) мемлекеттік трансферттік төлемдер;

C) несиеге алған қаржыларынан кәсіпкерлердің төлейтін пайыздары;

D) ренталық кіріс;

Е) еңбек ақы және жалақы.


Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындалуды ұсынылатын әдебиетті талдаудан астау керек. 1 сабаққа дайындалу барысында ең алдымен тұтыну мен жинақтаудың неоклассикалық тұжырымдамасында пайыздық ставкаға ерекше назар аударылған, яғни тұтыну мен жинақтауға ықпал ететін негізгі фактор пайыздық ставка болып табылады. Егер жинақтаулар пайыздық ставка деңгейінен тікелей тәуелді болса, онда тұтыну пайыздық ставка деңгейінен кері тәуелділікте болады. «Тұтынуға шекті бейімділік», «жинақтауға шекті бейімділік», «тұтынуға орташа бейімділік», «жинақтауға орташа бейімділік» түсініктері мен оладың арасындағы өзара байланысқа назар аударыңдар. 2 сабаққа дайындалу барысында тұтыну мен жинақтаудың кейнстік функциясын графикалық түрде қарастырып, графиктен «бастапқы тұтыну нүктесін» тауып, оның экономикалық мағынасын орнатуға тырысыңдар. Мультипликативтік әсер, автономды шығындар мультипликатор есебі мен оның экономикалық мағынасы түсініктерін қарастырыңдар. Сондай – ақ «Ұқыптылық парадоксына» және ел экономикасы үшін оның әкелетін зардаптарына назар аударыңдар. 3 сабаққа дайындалу барысында, ең алдымен, автономды инвестициялардың базалық кейнстік моделінде инвестициялық жобаны жүзеге асырудан түскен таза ақшалай түсімдерді дисконтталған бағалау қажеттілігі туындайтынына назар аударыңдар. Шекті капитал тиімділігін (дисконт нормасы) инвестициялық сұраныстың негізгі факторы ретінде қарастырып, дисконттау формуламына талдау жасаңдар. Сондай – ақ инвестициялауға шекті бейімділіктің капиталдың шекті тиімділігі мен номиналды нарықтық пайыздық ставка арасындағы айырмашылық шамасынан тікелей тәуелділігіне назар аударыңдар. Сонымен қатар, қандай жағдайларда кәсіпкерлер таза автономды инвестицияларды жүзеге асыру шешімдерін қабылдайды, ал қандай жағдайларда қабылдамайтынын қарастыру керек. Автономды инвестициялардың неоклассикалық моделінде оптималды капитал көлемі капиталдың шекті өнімділігі арқылы анықталатынын түсініп, түсіндіруге тырысыңдар. Микроэкономика курсынан оптималды капитал көлемі анықтамасының шартын еске түсіндіріңдер (капиталдың шекті шығындары мен капиталдың шекті табыстылығының теңдігі). Әрі қарай инвестициялық сұранысты шекті капитал өнімділігінен өспелі функция ретінде және пайыз ставкасынан кемімелі функция ретінде қарастырыңдар (неоклассиктер сияқты). Екінші сабақтың үшінші сұрағында инвестициялық процестің акселератор моделін қарастырыңдар.
Тақырып 3. Ақша нарығы
СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Төмендегі тезистердің ақшаның қандай теориясына жататындығын анықтаңдар:





Тезистер

Ақша теориясы

1

Аталмыш теорияның өкілдері ақшаның құндық табиғатын жоққа шығарып, ақшаның мәнін техникалық айырбас құралы ретінде қарастырған.




2

Аталмыш теорияның өкілдері мен негізін қалаушылар: Беркли и Стюарт




3

Аталмыш теорияға сәйкес ақшаның құны оның номиналымен анықталады



4. Кестені толтырыңдар:





Ақша қызметтерінің мазмұны

Ақша қызметтерінің атауы

1

Тауарлар мен қызметтер тұтынушыларын болашақта қоғамға жақындастыру қабілеттігі мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету




2

Тауарлар мен қызметтер құндарын өлшеу қабілеттіліктері




3

Тауарлар мен қызметтердің сатып алыну және салықтардың төленуін қамтамасыз ету



5. Ақшаның қандай қызметтері төменде келтірілген жағдайларды неғұрлым анық бейнелейді:





Жағдайлар

Ақша қызметтері

1

Автокөлік сатып алу үшін Сізге ақша қажет және Сіз өзіңіздің қала шетіндегі үйіңізді сатқыңыз келіп отыр




2

Ұқыпты адам ретінде, Сіз үнемделген ақшаларыңызды салып отыратын шот аштыңыз




3

Қажетті ақша көлемінің жоқтығынан сіз тоңазытқышты несиеге аласыз



6.Тест сұрақтарына жауап беру

7. Тақырыптағы есептерді шығару

8. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Ақша нарығы: макроэкономикадағы ақшаға сұраныс пен ұсыныс функциялары», «Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы», «Ақша – несие саясаты: мазмұны, мақсаттары және құралдары».

9. «1960ж. дейін ақша ұсынысын Филипс қисығымен механикалық анықтау», «Перманенттік табыс гипотезасы шегіндегі ақшаға деген сұраныс» тақырыптарына қысқаша эссе дайындау.

10. «ҚР-ғы монетарлық саясаттың ерекшеліктері және оның тиімділігін арттыру ерекшеліктері» тақырыбына топтық жобаны дайындау

11. Рефераттарды рецензиялауға дайындалу

12. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. «Ақша», «ақша массасы», «ақша ұсынысы», «квазиақшалар» деген не?

  2. Ақша агрегаты деген не және оларды қандай критериялар бойынша бөліп қарастырады?

  3. Ақшаға сұраныс деген не және оның мотивтері қандай?

  4. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы арасында қандай айырмашылықтар бар? Неоклассикалық дихотомия және «ақшалардың нейтралдығы» деген не?

  5. Қарапайым ақша мультипликаторымен қатар шынайы ақша мультипликаторын оқытудың қажеттілігі қандай? Қарапайым ақша мультипликаторы қандай жағдайларды қарастырмайды?

  6. Ақша базасы мен ақша массасы арасындағы айырмашылық қандай?

  7. Ақша мультипликаторының мәні неде?

  8. Ақша нарығы қалайша тепе – теңдік жағдайға келтіріледі?

  9. Экономикадағы банктік резервтердің, әсіресе – міндетті резервтердің рөлі қандай?

  10. Ақша – несие саясатының мазмұны мен мақсатын түсіндіріңдер. Оның негізгі құралдарын атаңдар.

  11. «Арзан ақша» және «қымбат ақша» саясатының мәні неде? Оларды тағы да басқаша қалай атайды?

  12. Пайыздық ставка мен ақша массасына бақылау қалайша жүзеге асырылады?

Есептер:

1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3ақша агрегаттарының көлемін анықтаңдар.






Млрд. тг

Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

Чектік салымдар

Чексіз жинақтық салымдар

Қолда бар ақша


1630

645


448

300


170


2. а) Айталық, шарт жасасуға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады жөне соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға ба-ғытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд. тг. Шарт жасасуға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңдар.

ә) Кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс көлемі көрсетілген. Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңдер.




Пайыздық қойылым (%)

Ақшаға сұраныс көлемі

Активтер бойынша

жалпы

16

20

420

14

40

440

12

60

460

10

80

480

8

100

500

6

120

520

4

140

540

б) Ақша ұсынысы 480 млрд тг. болды. Тепе-теңдік пайыздық қойылымды анықтаңдар.


3. Айталық, Сіз қолда ұстағыңыз келген ақша сомасы 150 мың тг. тең. Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың тг. банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.

Ақша базасы қалай өзгереді? Банк резервінің жалпы сомасы қалай өзгереді? Сіздің ісіңіз алғашқыда және соңында М ақша агрегаты көлемінің өзгеруіне қалай әсер етеді?


Каталог: attachments -> article -> 714
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
714 -> Қазтұтынуодағы
714 -> Макроэкономика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет