Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
СӨЖ
Тақырыбы : Дифенил тобы. Дифенилметан тобы. Ушфенилметан жане ушфенилметанды бояулар
Орындаған: Өмірбек Мамық
Тексерген: PhDдоктор, аға оқытушы Ильясова Г.У.
Алматы 2020ж
Дифенил тобы
Дифенил немесе фенилбензолды тас көмірді кұрғақтай айдау арқылы алады. Қатты қызған түтік арқылы бензол буын өткізіп, дифенилді синтетикалық әдіспен алады:
Лабораторияда иодбензолды натрийдің немесе мыс ұнтағының қатысуында қыздырғанда, (200-250°С) дифенил түзіледі:
Дифенил 70°С-та балқитьш, 254°С-та қайнайтын кристалдық зат. Термиялық тұрақты.Химиялық касиеттері бензолға ұқсас. Өнеркәсіпте жылуға төзімді жылу тасығыш ретінде қолданылады.Дифенилдің структуралық формулаларындағы орьнбасушылардьң орындары цифрлармен немесе орто- пара немесе мета жағдайларымен белгіленеді
Дифенил молекуласындағы 2,6,2|,6| жағдайларда орьшбасушылар болмаса, онда молекуладағы екі сақиналардың ортақ ось бойымен еркін айналу мүмкіндігі бар. Егер молекуладағы орто- жағдайларда орынбасушылар орналасса, онда кеңістік кедергісінің салдарынан екі сақинаның ортақ ось бойымен айналуы қиындап, екі оптикалық изомер пайда болады:
Дифенил қатарындағы байқалатын бұл изомерияны атропизомерия деп атайды.Дифенил туындыларының ішіндегі ең маңыздысы — бензидин (4,4|-диаминдифенил). Нитробензолды гидразобензолға дейін тотықсыздандырып, сонан соң гидразобензолды қышқылдың өсерінен изомерлеп, бензидин алады:
Н.Н. Зинин ашқан бұл реакцияны бензидиндік қайта топтасу деп атайды жөне органикалық синтезде кеңінен қолданылады. Бензидин бояу өндірісіңце қодданылады. Одан алынатын бояулардың бірі - қызыл-конго индикаторы.
Достарыңызбен бөлісу: |