2. Дифенилметан тобы
Дифенилметанды Фридель-Крафтс реакциясы бойынша полигалогенметандардың жөне галогенарилметандардың ароматты көмірсутектермен әрекеттесуінен алуға болады:
Дифенилметанды бензол мен формальдегидті күкірт қышқылының қатысуында конденсациялау арқылы алады:
Дифенилметан 27°С-та балқитын апельсин иісті зат. Орынбасушылардьщ орны төменде көрсетілгендей белгіленеді: Дифенилметанньщ екі реакциясы ерекше назар аударады.
Тотыту арқылы бензофенонның түзілуі:
2. Конденсациялану арқылы флуореннің түзілуі:
Бензофенон парфюмерия өнеркәсібінде қолданылады. Бірқатар бояуларды өндіру үшін бастапқы зат ретінде бензофенонның аминтуындысы — Михлер кетоны қолданылады. Оны фосген мен диметиланилиннің конденсациялануынан алады
Достарыңызбен бөлісу: |