ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТ С - ПАРЕНТЕРАЛЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҚТЫРЫЛАТЫН ЖҰҚПАЛЫ АУРУ, БАУЫР ЗАҚЫМДАНАДЫ. ҚОЗДЫРҒЫШ - ГЕПАТИТ С ВИРУСЫ (НСV) - ОСЫ КЕЗГЕ ДЕЙІН ТАЗА КҮЙІНДЕ ТАБЫЛМАҒАН.
Тұқымдасы: Flavіvіrіdae
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
ИНФЕКЦИЯНЫҢ ЖҰҚТЫРУ КӨЗІ АДАМ. ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТРАНСФУЗИЯ АРҚЫЛЫ ҚАН ЖӘНЕ ҚАН ӨНІМДЕРІН ҚҰЙҒАНДА НЕМЕСЕ ИНСТРУМЕНТТЕР АРҚЫЛЫ ЖҰҚТЫРАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ТІК АРҚЫЛЫ АУРУ АНАДАН ҰРЫҚҚА ТАРАЛАДЫ. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРАСЫНДА СЕЗІМТАЛДЫҒЫ ЖОҒАРЫ. БДСҰ АҚПАРАТТАРЫ БОЙЫНША АФРИКАДА ГЕПАТИТ С 25% ТАРАЛҒАН, АҚШТА ТРАНСФУЗИЯЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТІҢ 90% ГЕПАТИТ С ВИРУСЫМЕН ҚОЗДЫРЫЛҒАН. ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТАРАЛУЫ ГЕПАТИТ С СОЗЫЛМАЛЫ ТҮРДЕ ДАМУЫ. НАУҚАСТАН ВИРУС АУРУДЫҢ АЛДЫНДА БІРНЕШЕ АПТА БОЙЫ ЖӘНЕ АУРУ БАСТАЛҒАН СОҢ 10 АПТАДАН АСТАМ БӨЛІНІП ОТЫРАДЫ. ИНКУБАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢІ ГЕПАТИТ В ҚАРАҒАНДА 1 АЙ ҚЫСҚА, ЯҒНИ 6-8 АПТА. КЛИНИКАСЫ ГЕПАТИТ В ҰҚСАС, БІРАҚ ЖЕНІЛ ӨТЕДІ, НАУҚАС ТЕЗ САУЫҒАДЫ, САРҒАЮ БАЙҚАЛМАЙДЫ. 50% СОЗЫЛМАЛЫ ГЕПАТИТ ДАМИДЫ, АЛ 20% БАУЫРДЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАУЫР ЦИРРОЗЫ МЕН РАГІНЕ ӘКЕЛЕДІ.