Сөж тақырыбы: Қарапайым физиотерапия Орындаған: Жумабекова Аяулым сд-09/17-11/18 Тексерген: Г. Тәңірбергеновна Алматы, 2018


Қыша қоюдағы мейірбикелік стандарт



бет2/5
Дата22.06.2022
өлшемі95,6 Kb.
#146961
1   2   3   4   5
Байланысты:
мб ici СӨЖ .

12.5.Қыша қоюдағы мейірбикелік стандарт
Мақсаты:қышаның емдеу әсері эфирдің қыша майы арқылы білінеді, ол теріні тітіркендіріп, тамырларын кеңейтеді, сол себептен ауырғанын, қабыну процессін басады.
Қыша тығыз қағаздан жасалып, (8х12,5) оған қыша өсімдіктің ұнтағын жабыстырған. Әрбір қышада сақтау мерзімі көрсетілген.
Көрсеткіштері:
· тыныс алу органдарының қабыну процесстері;
· нерв жүйесінің аурулары;
· невралгиялар;
· остеохондроз;
· гипертониялық криз;
· жүрек тұсына шаншу қадалғанда.
Қарама – қарсы көрсеткіштері:
· қан кету;
· қатерлі ісіктер;
· қышаға аллергия болуы;
· терінің аурулары;
· дене қызуы көтерілгенде.
Жабдықтар: қышалар, суы бар лоток (температурасы 40-450С), пайдаланған жабдықтарға арналған лоток, орамал, марлі, дәкелер, су температурасын өлшейтін термометр .
Қыша қояр алдында қышаның сақтау мерзімін тексеру, егер қыша ұнтағы түсіп жатса қолдануға болмайды.

12.5-сүрет: қыша қою әдісі
Процедура барысы:
-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;
- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;
-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;
-қолды жуып, құрғатыңыз;
-пациентті ыңғайлап жатқызып, теріні қарап тексеріңіз;
-қышаның салатын судың температурасын өлшеңіз (40-450С);
-қышаны 5 сек. суға малып, керекті жерге салып, үстінен орамалмен жабыңыз;
-пациентті қымтап көрпмен жабыңыз;
-қышаны 10-15 мин. ұстаңыз;
-қышаны алып,терісін жылы дымқыл дәкемен сүртіп, құрғатыңыз;
-киімін кигізіп, пациентті 30-40 мин. ыңғайлап жатқызыңыз;
-қолды жуып құрғатыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет