12.6.Сүлікті қою тәсілі Мақсаты:жергілікті қан алу. Сүлікті қоюға қажетті құралдар:Пробирка, пинцет, залалсыздырылған дәке, глюкоза, мақта, бинт, тұзды су. Көрсеткіштері: · гипертоникалық криз; · глаукома; · мидың қан айналымының бұзылуы; · миокардтың өліеттенуі; · бауырдың іркілуі; · геморрой; · тромбофлебит. Қарама – қарсы көрсеткіштері: · қан кетуге бейімділігі; · қан кету; · қан аздық; · терінің аурулары; · аллергиялық, септикалық аурулар; · гипотензия; · антикоагулянттармен емделу. Қоятын жерлері: Гипертоникалық кризде · құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қарай қояды; Көз ауруларында · көздің сызық деңгейінен самай аймағына қарай қояды; Стенокардияда, миокарттың өліеттенуінде · жүректің манайының 3 – 4 қабырға аралығына қояды ; Бауыр іркілуінде · 10 жақ қабырға астына қояды; Тромбофлебитте · тромбысы бар венадан 1см артқа, шахмат тәртібімен қояды; Геморройда · тік ішектің аузына айналдыра қояды;
12.6-сүрет: сүлік қою әдісі Процедура барысы: -пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; - процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз; -қажетті жабдықтарды дайындаңыз; -қолды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз; - сүлікті қоятын тері аймағын жылы қайнаған суға малынған мақта түйіршіктерімен сүртіңіз; -сүлік теріге жақсы жабысу үшін, сол аймақты екінші рет глюкоза ертіндісімен сүртіңіз; - сүлікті ыдыстан пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салыңыз; - пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізіңіз; - сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастаңыз; -сүліктің артқы қан сорғыш түтүкшесінің астына залалсыздандырылған дәке қойыңыз; -сүлік 60-90 мин. Кейін түсіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жағдайда тұзды су ерітіндісіне мақта түйіршігін матырып алып, сүліктің тұмсығы кіріп тұрған жерге қояды; - қойылған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін, қан сорған жерлерге бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қойыңыз.