Балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктері.Баланы әлеуметтендіруге бағытталған және баланың нақты жеке проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекет әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет болып табылады. Балалардың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет дигностикалық жұмыстардың ерекше мәні мен баланың проблемаларына кешенді тұрғыда қараумен, оған педагогикалық қолдау көрсетуге, бала мен ересетер арасындағы ынтымақтастықпен, әлеуметтік ортамен өзара әрекет етумен сипатталады.
Әлеуметтену алғашқы реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену балабақша, мектеп әлеуметтік ортада т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол. Отбасыда алған – тәрбие білім берумекемелерінде алған – білімі және т.б. институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады.
Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі – әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз – тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік каптиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану – мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.
Ковалева А.И. әлеуметтену нормасы үш түрлі типін көрсетеді: идиальді, нормативті, шынайы жағдай.
Әлеуметтену нормасының идеальді типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идельдармен анықталады. Бұл – шынайы жағдайдан алыс бірақ соған жақындастырылған тип. Көбіне манфест саяси бағдарламалар т.б. құжаттарда идеологиялық немес тәрбиелеу мақсаттарында идельді тип әлеуметтенуі қолданылады.
Нормативті әлеуметтену индивидтің қандай болу керек, оған сәйкесінше әлеуметтік инститтуар индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.
Шынайы әлеуметтену – қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы м үмкін. Ол адамның қоғамдағы орны әлеуметтік мәртебесі құндылығы т.б. сияқты обьективті немес субьективті себептердің әсері болады.