Сөж тақырыбы: Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық, проблемалары және оларды шешу жолдарын көрсетіңіз Орындаған: Мақсатқызы Қарақат Тексерген: Дуйсенбаев Абай Алматы 2022ж


Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасы



бет3/5
Дата22.11.2022
өлшемі72,63 Kb.
#159348
1   2   3   4   5
Байланысты:
МАқсатқызы Қарақат соц пед 12 (копия)

Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасы.Жасөспірімдердің жасы жалпы «қиын» және «дағдарысты» кезең деп саналады. Себебі, қысқа уақыт аралығында алдыңғы қызығушылығы, қарым-қатынасы т.б. ерекшеліктері көптеген сапалы өзгерістерге ұшырап балалардың осы жас аралықтағы даму үрдісінде үлкен секіріс байқалады. Аталған өзгерістер жасөспірімдерді тәрбиелеуде елеулі қиындықтар туғызады. Жасөспірім үлкендердің әсеріне берілмеуіне тырысады, бойларынан түрлі сипаттағы қарсылық көрсету мен тыңдамаушылық байқалады (бірбеткейлік, ызақорлық, ашушаңдық, теріс қылық, тұйықтық, т.б.). Жасөспірімдердің жас аралық шектеулері шамамен 11-12 жастан 16-17 жасқа дейін. Бұл кезде адам ағзасының толық өзгеруі, құрылымдық өзгерістері басталады, өсудің рухани және физикалық үдерісі белсенді түрде жүреді. Жасөспірімдік жаста жыныстық пісіп жетілу байқала бастайды. Физиологиялық өзгеруі олардың іштей қатты уайымдатады. «Мен басқалардың алдында қалай көрінемін?» деп ойланады. Сөйтіп, бұл сұраққа жауап іздей келе жасөспірім өзінің дене бітімі, бет-әлпеті және есіміне байланысты іштей ойлана бастайды. Мұның барлығы ағзаның физикалық ерекшелігіне байланысты. Өз бойында жүріп жатқан физикалық өзгерістерді жасөспірім саналы түрде байқап сезіне бастайды. Өз-өзін күштірек санап сенімдірек сезіне бастайды. Бұл сезімдер оның өз отбасында, мектепте, жалпы қоғамда жаңа орын иеленуге деген қажеттілігін туғызады. Сөйтіп жасөспірімнің әлеуметтік ортаға енуі басқаша айтқанда жаңа сатыдағы әлеуметтенуі басталады.
Д.Б.Эльконин, О.В.Драгунова қарым-қатынасты жасөспірімдердің жетекші іс-әрекеті ретінде анықтайды.
Жасөспірім қарым-қатынасының мазмұнын келесі компоненттер құрайды.
- рухани құндылық мәселесі (өмірдің мәні, әлемдік мәселелер);
- өмірдегі болатын жағдайлар (отбасы өмірі, таныстары мен достарының топтары, өздерінің және қоршағандардың іс әрекеттері, жасаған іс қылықтары);
- эмоциялық ортақтасу (уайым қайғы немесе қуаныштарына ортақтасу, бір нәрсеге біреулерге деген қарым-қатынас барысында туындаған көңіл күйлерін, сезімдерін бірге кешу т.с.с. мәселелер бойынша ортақтасу)
- әсерлер (тұрмыстық сұрақтар, кең мағынадағы заттар туралы әңгіме)
Осындай қажеттіліктің негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік сапалары туындайды. Тұлғаның мұндай өзіндік сана-сезім актісін олардың рефлексиясымен түсіндіруге болады .
Рефлексия (лат. Reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық акті мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Рефлексия жеке адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі... субъектінің өзін өзі байқауы.
Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым. Жасөспірімнің осы кезде қалыптасқан сана-сезімі, В.А.Мухинаның пікірінше, оның өмірлік қалыптасуында басшы рөл атқарады.
Осы кезеңде физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуында жақсы жетістіктермен бірге кері психологиялық қиындықтарда заңды түрде туындай бастайды. Жасөспірімнің ақыл-ойының дамуы оларды өз-өзіне сенімсіз және уайымшыл етеді.
Рефлексияның арқасында іштей өзіндік талдау жасайды: өзін ғана емес басқа да құрбы-құрдастарын танып біле бастайды, жауапкершілігі артады, ойланып әрекет жасайды, өзін жігіт немесе бойжеткен ретінде сезінеді; бұрынғы іс-әрекетін қазіргісімен салыстырып, болашаққа көз жүгіртеді; өз құқығы мен міндеттері туралы ойланады; ортасындағы үлкен құрбыларының іс-әрекетіне қызығып, сұрап, білгісі келеді. Осы орайда еліктегіште келеді. Өз өзіне «Мен кіммін?» деген сұрақты жиі қоя бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет