Қорыта келгенде, жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімізді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз:
- Әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
- Бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады;
- Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол басқаларға сүйіспеншілікпе, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғаның қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындауды тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі ретінде қабылдап, қоғам болып бірге қызмет атқарайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Даумов Н. Адамдықтың түп қазығы. Ұлағат. Алматы. 2003 ж.
2.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2005 ж.
3. Ахметова Г.К. Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеттері.
4. Педагогикалық және психология сөздігі. –А., Мектеп, 2002 ж.
5. Қалиев С. Жеке тұлға және оның ерекшелігі. Ұлағат. Алматы. 2000 ж. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы. 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |