1. Құрылымдық қызметі. құрылымдық нәруыз кешенді түрде липидтермен бірге жасуша мен жасуша мембранасының құрылымдық негізі болып табылады.
Нәруыз сыртқыжасушалық құрылымның түзілуіне қатысады: жүннің, шаштың, сіңірдің, қантамырлар қабырғасының құрамына кіреді.
эластин, коллаген Майлар ол біздің ағзамыздағы маңызды компоненттердің бірі болып табылады.
Липидтер ағзада келесі қызметтерді атқарады:
Құрылымдық жасуша мембранасының құрамына кіреді.
Реттеушілік, кейбір липидтер витаминдердің және гормондардың алғызаттары немесе витаминді еріткіштер және жүйке импульстерінің берілуіне қатысады.
Тасымалдаушылық липопротеиндер, май қышқылдарының альбуминдермен комплексі.
Термореттеушілік, ағзаның жылу изоляциялау қызметіне қатысады.
Энергетикалық – энергияның және энергия жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың шығу көзі.
МАЙЛАР Адам ағзасындағы майлардың қорытылуы
Липопротеиндік комплекс
Майлар суда ерімейді , ал қанда 90%- ке жуық судан тұрады ,сондықтан майларды қан арқылы жасушаларға тасымалдайтын арнайы комплекстер бар. Оларды липопротеиндік комплекс деп атайды. Мұнда липо- “май” , протео- “белок” деген мағына береді.
Липопротеиндік комплекс шар пішінді, ядросы және қабығы бар. Ядросында полярлы емес липидтер (триацилглицериндер, ацилхолестерин), ал қабығында шамамен 2нм болатындай апопротеиндер мен амфифилді липидтер(фосфолипидтер және холестерин) болады.
Липопротеиндік комплекстің құрлысы
ҚОРЫТЫНДЫ
БИОПОЛИМЕРЛЕР - ерітінділері тірі ағзалардың негізгі құрылымы болып саналатын жоғары молекулалы қосылыс.
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер.
Липидтер — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар.