Биополимердің түрлері 2.2.1. Ақуыздар
Ақуыздар — көміртегі, сутегі, оттегі және азот, кейде күкірт элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар — биополимерлер. Олар әрбір жасуша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір текіті болып саналады, ақуызсыз тіршілік тоқтайды. Ақуыз ағза үшін ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Әр ақсылдың өзіне ғана тән құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан да олар нуклеин қышқылдарымен бірлесе отырып, тірі табиғаттың, түрлік әртектілігінің материалдық негізін құрайды.
- Ақуыз молекуласы табиғатына байланысты бір-бірімен берік ковалентті азот-көміртегі байланысы — пептидтік байланыс (-СО-N11-), арқылы біріккен 50-1500 амин қышқылдарынан түзілген ұзын тізбектен құралады. Осының нәтижесінде полипептидтік тізбек -ақуыздың бастапқы құрылымы пайда болады. Сонымен, ақуыз молекуласы молекулалық массасы 5-150 мың дальтон не одан да көп полипептид болып табылады.
- Құрылысына қарай ақсылдар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым ақсылдар тек амин қышқылдарынан құралады, ал күрделі ақсылдар құрамында амин қышқылдарымен қатар нуклеин қышқылдары (нуклепротеиндер), липидтер (липопротеиндер), көмірсулар (гликопротеидтер), болады.
Нәруыздың қасиеті
1. Нәруыз негіздік және қышқылдық қасиет көрсететін амфотерлі қосылыс болып табылады. Нәруыздарды қышқыл, негіз, және бейтарап деп ажыратады.
2.Буферлік – нәруыздың Н+ беріп және қосып алатын қабілеті.Эритроциттегі гемоглобин қандағы рН ты тұрақты деңгейде ұстап тұратын мықты буфердің бірі
3. Суда ерігіштігі Глобулярлы нәруыз
ериді. Ол зат алмасу
қызметін атқарады
Фибриллярлы нәруыз(миозин, креатин)ерімейді. Құрылымдық қызмет атқарады.
4. Белсенділігі
химиялық белсенді(ферменттер), химиялық белсенді емес нәруыздар бар.
5. Тұрақтылық.
Сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларының әсеріне тұрақты және тұрақсыз.Сыртқы факторлар (температураның өзгерісі, ортаның тұзды құрамы,рН,радиация) нәруыз молекуласының құрылымының бұзылуын болдыруы мүмкін
6. Денатурация -
қыздырудың, сәулелендірудің, химиялық заттардың әсерінен және механикалық заттардың әсерінен және механикалық әсер етудің салдарынан нәруыздың, алдымен, үшінші реттік, одан кейін екінші реттік құрылымдарының арасындағы байланыс үзіледі.Соңынан молекула пішіндерін өзгертеді. Бұл құбылысты денатурация деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |