Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыру
ДАЙЫНДАҒАН:ЖҰМАҒҰЛОВА Қ.
ТЕКСЕРГЕН:АҚТАЕВА И.Е.
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі
Алматы,2020ж
Кіріспе
Баланы тәрбиелеу (физикалық, ой-өріс, әдет-құрып, еңбекке баулу) бір-бірімен паралелді жүргізіледі, бірақ әртүрлі жас мөлшеріне байланысты мұндай тәрбиелеу аспектілерінің арасындағы қатынас олардын түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Баланың іс-әрекеті оның ағзасының дамуын анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті негіздердін бірі болып саналады.
Мектепке дейінгі жастардағы балалар тобы:
кіші топ — (3-4 жас) - 20-25 баладан;
естиярлар тобы (4-5жас) - 25 баладан;
ересектер тобы (5-6 жас) - 25 баладан;
дайындық тобы (6-7) - 25 баладан;
Мұндай топтастыру жекелендірілген балалар мекемелері (бала-бақша, немесе ясли) үшін алынөан. Біріктірілген мекемелерде (ясли-бақша) сәбилержасына (ересектер тобының жасына дейінгі жас) 2 жасқа дейінгі балаларды, мектепке дейінгі жасқа 2-7 жасқа дейінгі балаларды жатқызады.
Сондықтан 10 айға дейінгі уақытта ұйқы, тамақтану, сергектік уақыттарын дұрыс алмастырып отыруды қатал сақтау керек, өйткені осы қезеңде осындай, дұрыс жасалған тәртіп жүйесі ғана баланың көңіл-күйін жақсартып, тәрбие жағдайын тиімді етеді. Сергектік уақытында гигиеналық күтім және ойындар, көбінесе жеке мазмұндағы ойындар жүргізіледі.