1.Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
Пәндік үйірмелер;
Тілмерекесі;
Абай оқулары;
Олимпиадалар;
Интеллектуалдықойындар, дебат (пікірсайыс) клубы;
Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздықжұмыс, зерттеужұмысы, рефераттарқорғау, жобақорғау);
Оқушылардыңбілімдеңгейлерінарттыру (мұражайға бару, белгіліадамдарменкездесу);
Шеберлербайқауы (ақындарайтысы, шешендерсайысы, би үйірмесі, шеберқолдарүйірмесі);
Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалықшығармалар, жобаларбайқауларынақатысу.
1. «Дарынды балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастыру
Балам дейтін жұрты болмаса,жұртым дейтін бала қайдан шығады?
А.Байтұрсынов.
Достарыңызбен бөлісу: |