Факультеті «Физика-Техникалық» Кафедрасы «____________________» СӨЖ Тақырыбы:Этнос және ұлт әлеуметтануы Орындаған:Айтжан Ұлағат Тексерген: Мамытқанов Дархан Қожанович Жалпы күнделікті өмірде “этнос” деген ұғымды жиі кездестіреміз.Грек тілінен аударғанда “халық,ұлт,қауымдастық”деген ұғымдарды білдіреді.Жалпы мағынасында бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.Бұл ұғым жиі қарастырылғанмен алы толық зерттеліп болмады.Алайда,кең мағынасында кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б).Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының ұқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ".Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ортақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.
Этнос ұғымын толық танысып болсақ,өзіміздің жеріміздегі этностарға тоқталар болсақ,Қазақстанда қазіргі таңда бір шаңырақ астына ұйып,бейбіт қарым-қатынаста өмір кешіп жатқан,бұрынна әрі әртүрлі тағдыр кезеңдерімен қоныс аударып келген, 130-ға жуық этнос өкілдері бар.Олар бізде күнделікті өзіміздік таныстарымыз,достарымыз болып жүрген:орыс,ұйғыр,кәріс,татар,өзбек,қырғыз,кәріс,неміс ұлт өкілдері. Олар бүгінгі күні әлемдік қауымдастыққа Қазақстан Республикасы атауымен енген елдің азаматтары ретінде өмір сүруде. Көпшілігі кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік құрған шақта күштеп көшірілген халықтар еді. Олар тағдырдың тәлкегіне ұшырап қуғындалып келгенде, жергілікті қазақтар өз жағдайлары аса мәз болмаса да, қолдан келген көмектерін беріп, аман-есен тұрып кетулеріне жәрдемдесті.Ұлы Отан соғысы жылдары елдерді еріксіз көшіру науқанынан Қазақстан көп этносты мемлекет болып, бүгінгі күні оны мекендейтін ұлттардың өз Отанына айналды. Тоталитарлық жүйеде миллиондаған азаматтардың тағдыры тәлкек болып, заман қасіретін арқалап, алғашында жеке адамдар қудаланса, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарына Қазақстан кірді. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына дейін де тоталитарлық жүйенің нақты орталығы болып келді. Себебі қазақ халқының ашаршылық жылдары, ұжымдастыру кезеңі, қуғын-сүргін уақытындағы демографиялық өзгеріске ұшыратқан кеңестік дәуірдің терең саясатының бір көрінісі — Ұлы Отан соғысы жылдарында басқа ұлт өкілдерін күштеп шоғырландыру арқылы тағы да жүзеге аса түскенін байқатады. Қазақстан Республикасына жер аударылған халықтардың жалпы саны 1 млн. 200 мың адамға жеткен. Сонда кейбір құжаттарда көрсетілгендей, күштеп көшірілген халықтардың тең жартысынан көбі Қазақстанға жөнелтіліп отырған. Еліміздің тәуелсіздік алған уақытынан бері қазақ халқы өзге ұлт өкілдерімен саяси тұрақты және ұлтаралық келісімде өмір сүруде. Бұл ширек ғасырдан астам уақыт аралығында этносаралық қарым-қатынастың Қазақстандық үлгісінің қалыптасқандығын байқатады. Ал, елдегі азаматтардың ортақ Отан сүйгіштігі мен ұлтаралық келісімі, ол бейбіт және тату өмір сүрудің нәтижесінде қалыптасатындығы сөзсіз. Этносаралық келісім мәселесі бойынша Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасындағы бірегей мемлекет деп айтуға біздің құқығымыз бар, бұлай деп айту – асыра айтқандық емес. Қорытындылай келгенде, этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық үлгісі елімізде саяси тұрақтылық пен бейбітшілігін сақталу жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Біздің елімізде алуан түрлі этникалық қауымдардың бейбіт қатар өмір сүру нысаны ретіндегі берік, жүздеген жылдардың сынағынан өткен өркениетті дәстүрлер үнқатысуы қалыптасты. Бүгіндері Тәуелсіз Қазақстанымызда өз Отаны ретінде көптеген этностар тату-тәтті өмір сүруде.Қазақстан көп ұлтты дербес мемлекет нысаны!