Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Глаза.Зрение цвет
Орындаған: Тілек Жұлдыз
Қабылдаған:Мархабаева А.
2020-2021 оқу жылы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Көз – оптикалық жүйе.
Көздің құрылысы және қызметі.
ІІІ. Қорытынды
Көзді “тірі әрі шынайы” оптикалық аспап деп қарастыруға болады.Оның көмегі арқылы бізді қоршаған ортаны танып білуге болады.Көз – оптикалық жүйе.Жалпы көзді қызметтік қатынасына қарай екі негізгі бөлімге бөліп қарастыруға болады.Олар:жарық өткізгіш және жарық қабылдағыш.Жарық өткізгіш бөліміне қасаң қабақ,алдыңғы камера,көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады.Қарап тұрған заттың кескінінің қасаң қабақ пен көз бұршағының алдыңғы және артқы беткейлерінде сындырылып,көздің мөлдір ортасынан өтеді.
Көздің құрылысына келетін болсақ,көздің құрылысына төмендегілер жатады(1-сурет):
Ақ қабық;
Тамырлы қабық;
Шлемм өзектері;
Нұрлы қабақтың түбірі;
Қарашық;
Қасаң қабақ;
Торлы қабақ;
Көздің артқы қуысы;
Көздің алдыңғы қуысы;
Кірпікті дене;
Көру жүйесі;
Шыны тәріздес дене;
Нұрлы қабық;
Көз бұршағы;
З онуляр талшықтар.
Міне,осы жоғарыда айтылған көздің құрылысы бір-бірімен өте тығыз байданысты,бір-біріне тәуелді.
Жалпы,көз - өте күрделі оптикалық жүйе.Көздің сфералық пішіні бар.Оның диаметрі шамамен 2,5 сантиметр.Оның сыртынан қорғаныс қабығымен жабылған ақ түсті склера.Ол мықты әрі қатты.Оны басқаша “ақ қабық” деп атауға да болады.Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды.Яғни қорғаныш қызметін атқарады.Ал склераның алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабықша деп аталады.Көздің артқы жағын көздің түбірі деп атайды.Ол торлы қабықпен қапталған.Ал көздің қалған бөліктерін мөлдір емес,ақ түсті белок құрайды.Склераның ішкі жағында көзді қоректендіретін тамырлы қабық бар.Ол күрделі өрімделген тамырлардан тұрады.Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында тесік бар.Ол қарашық деп аталады.Жарық осы қарашықтың көмегімен көз алмасының ішіне өтеді.Тамырлы қабықтың ішінде торламалы қабық орналасқан.Оны “торлама” деп те атауға болады.Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа бөліктерін жауып тұрады.Ал артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйесі кіреді.Негізінен,торламалы қабық көру жүйкесінен және олардың ұштарындағы тармақталған талшықтардан тұрады.Ол көздің жарықты сезгіш бетін құрайды.Түсті қабықтың арғы жағында мөлдір әрі серпімді дене – көз бұршағы орналасқан.Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалынған.Бұл көз бұршағының диаметрі шамамен 8-10миллиметрді құрайды.Қасаң мен түсті қабықтардың аралығында су тәріздес сұйық зат бар.Ал көз алмасы қоймалжың затпен және шыны тәріздес денемен толтырылған.
Қасаң қабақ,су тәрізді сұйық,көз бұршағы және шыны тәрізді дене,міне,осылар оптикалық күші D=58,5дптр болатын оптикалық жүйені құрайды.
Көздің ақауларына жақыннан көргіштік және алыстан көргіштік жатады.Алыстан көргіштіктің басты себебі – көз бұршағының айналасындағы бұлшық еттердің босаңсынуы.Алыстан көргіштік салдарынан кескін анық көрінбейді.Алыстан көргіштікті уақытша түзету үшін дөңес жинағыш линзалы көзілдірікті қолданады.Ал жақыннан көргіштік кезінде көз алмасы ұзарып,көз бұршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады.Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін ойыс,шашыратқыш линзалы көзілдірік киіледі.Мұндай линзалардык оптикалық күші “-“ таңбалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |