Жүрек гликозидтері– бұл өсімдік тектес айқын кардиотоникалық әсер көрсететін және әртүрлі этиологиялы миокард дистофиясына байланысты жүрек жетіспеушіліктерін емдеуде қолданылатын дәрілік заттар. Олар жүректің көбіне үнемделген және сонымен бірге тиімді қызметін қамтамасыз ете отырып, миокардтың жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады. ЖГ бірнеше оймақ гүлдердердің (түкті, алқызыл, тотық түсті), меруертгүлдің, жанаргүлдің, строфантиннің, теңіз пиазының, олеандрдың, басқа өсімдіктердің құрамында болады