ОБӨЖ
Орындаған: Балтабай Жансая
Тобы: ЖМ 011
Қабылдаған:Тәңірбергенова С
Несеп шығару жолдарының жүйесі – организмнен алмасу өнімдері және артық сұйықтық шығарылатын жүйе. Несеп шығару жүйесіне жататындар: бүйректер, несепағарлар, несепқап және үрпі. Несеп шығару жолдарының инфекциясы (НШЖИ), мысалы, цистит және уретрит,пиелонефрит,гломерулонефрит организмнің инфекцияларының ішінде кездесу жиілігі бойынша екінші орында.
КІРІСПЕ
Несеп шығару жолдарының инфекциясы келесі симптомдармен сипатталады:
Несеп шығару кезіндегі ауырсыну және күйдіру
Қызба, шаршау немесе тершеңдік
Несепті жиі шығарғысы келу
Іштің төменгі бөлігіндегі ауырлық сезімі
Несептің иісінің өзгеруі, тұнба немесе түсінің қызылдау болуы
Арқадағы немесе қабырға астындағы ауырсыну.
Ампициллин
Ампициллин – 6-аминопенициллан қышқылын аминофенилсірке қышқылының қалдығымен ацетилдеу арқылы алынатын жартылай синтетикалық пенициллиндер тобына жататын, кең ауқымды әсер ететін бактерияларға қарсы бактерицидтік дәрі, қышқылға төзімді.
Фармакотерапиялық тобы:Бактерияларға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы бета-лактамды препараттар – Пенициллиндер. Қолдануға көрсеткіш: пиелонефритте, пиелитте, циститте, уретритте
- холангитте, холециститте
- созда
- цервицитте
- тілмеде, импетигода, екінші қайтара жұққан дерматозда
- тірек-қимыл аппаратының жұқпаларында
- пастереллезде т.б Шығарылу түрі: таблетка,ұнтақ
Қабылдау дозасы: Ішке, ересектерге – тамақтанудан 0,5-1 сағат бұрын күніне 4 рет 0,25 г-нан аздаған су мөлшерімен; қажет болған кезде дозаны тәулігіне 3 г-ға дейін арттырады.
Асқазан-ішек жолының және несепжыныс жүйесінің ағзаларының жұқпаларында: тәулігіне 4 рет 0,5 г.
Достарыңызбен бөлісу: |