тұрады.Тайпалық белгілер мен рулық нышандарды «тотем» деп атайды. Олар бүгінгі заманауи елтаңбалардың ет жақын туысы. «Тотем» сөзінің төркіні Солтүстік Америкалық үндістердің «оттем» сөзі, яғни «оның елі» дегенді білдіреді. Тотемдік дәстүр бойынша тайпаны жебеп, қорғап жүрген жебеушісі ретінде жануар яки өсімдіктер бейнесі арқылы сол тайпаның негізгі нышандық белгісі таңдалады. Бұл дәстүр өте ежелгі халықтар арасында кең таралған. Алайда, сол көне салтқа