Перифериялық қанайналым – бұл мүшелер мен тіндердегі қанайналым, ол микроциркуляцияның көмегімен жүзеге асады.Микроциркуляцияны артериола, капилляр, артериола венулалық анастамоздар құрайды.
Оның бұзылысы дистрофияға , ишемияға, некрозға, әт тғрлі микроскопиялық бұзылыстарға әкеледі. Норманы білмей ауруды емдеуге болмайды.
Жергілікті қан ағудың мүшелердің функционалды қажеттіліктеріне бейімделуі токка қарсы өзгеріс жолдарымен жүзеге асады. Бұл қан тамырлардың қуысының өзгерісімен, яғни гидродинамикалық қарсылық реттелісімен сипатталады.
Қан ағысының көлемді жылдамдығының өзгерісі функционалды қажеттіліктері айтарлықтай вариацияланатын мүшелерде ауқымды болады.Бұл қаңқа еттері , асқазан ішек жолдары, бауыр, тері. Бас миы , бүйрек сияқты мүшелерде көп өзгермейді. Қан ағысы арнайы реттегіш механизмдердің көмегімен тұрақталып отырады. Перифериялық механизмдерді бұл жергілікті механизмдер, гуморальды және жүйкелік факторлар. Кейде бұл факторлар бір уақытта қан тамырлық тонусқа синергиялық әсер етеді.