Сөж тақырыбы: “Өсімдіктерді биологиялық қорғаудың даму тарихы”. Орындаған: Батталбек


Энтомопатогенді саңырауқұлақтардың фенотиптік әртүрлілігін сипаттау



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#83025
1   2
Байланысты:
ос.био.қор4

Энтомопатогенді саңырауқұлақтардың фенотиптік әртүрлілігін сипаттау
Қазақстан тарихында биологиялық күресу тәсілдерінде энтомопатогенді микроорганизмдерді қолдану аясындағы алғашқы жұмыстарды 1962 жылы биотәсіл зертханасында қызмет істеген Л.М. Мосиевская бастады. Ол Кіші Алматы шатқалынан алманың күйе көбелегінің ауырған және өлген жұлдызқұрттарын тауып, олардан Bacillus thuringiensis бактериясының 42 штаммын бөліп алды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алманың күйе көбелегіне, балауызды қан көбелегіне, жеміс күйесіне және қырыққабаттың ақ көбелегіне қарсы аса уытты 16 штамдары іріктеді.Осы бактериялардың қырыққабаттың жергілікті популяциясына уыттылығын жоғарылату мақсатында зертхана қызметкерлері 1973 – 1981 жж. аралығында микроорганизмдер селекциясында ионды сәулелендіру мүмкіндіктерін зерттеді.Нәтижесінде Bacillus thuringiensis бактериясының әртүрлі нұсқалары гамма – сәулелердің әсеріне әртүрлі сезімталдық көрсететіні айқындалды. Бұл морфологиялық өзгергіштік пен этомопотогенді белсенділікте байқалды. Селекция тәсілдерін қолдану барысында уыттылығы жоғары 16 штамм іріктелді. Сонымен қатар гамма - сәулелендіру кезінде әртүрлі географиялық изоляттардың перспективті радиомутанттарының уыттылығының өзгеруі, олардың ауыл шаруашылығы зиянкестеріне әсер ету спектрі және зертхана жағдайында ұзақ сақтау барысында уыттылықтарының сақталуы зерттелді. 4 – 200 3 штаммы негізінде препараттар алудың зертханалық регламенті жасалды.
Энтомопатогенді саңырауқұлақтардың фенотиптік әртүрлілігін сипаттайтын және сыртқы макро- және микроморфологиялық белгілері бойынша штаммдардың потенциалды белсенділігін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер алынды. Штаммдар уыттылығы бойынша ерекшеленетін ферментативті белсенділік зерттелді. Бұл биологиялық тиімділігін бағалау жұмысын жүргізбестен штамм-продуценттерді іріктеудің стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік берді. Энтомопатогенді саңырауқұлақтардың коллекциялық культураларын биотехнологиялық жетілдіру нәтижесінде вертициллин, боверин және энтомофторин препарат формаларының продуценттері ретінде уыттылығы жоғары селекциялық штаммдар іріктелді. Олардың биомассаларынан физиологиялық белсенді заттардың сығындысын алу әдісі жетілдірілді.
Микроорганизмдерді агарлы қоректік орталарда сақтау, патогендерді идентификациялаудың бірқатар әдістері қарастырылды. Кристалл түзетін бактерияларға серологиялық талдау жасауға арналған сарысу коллекциясы жинақталды. Бірқатар штаммдардың әртүрлі бунақденелілерге қарсы уыттылығы зерттелді. Әртүрлі табиғи үлгілерден энтомопатогенді микроорганизмдерді бөліп алудың әдістері қарастырылды: топырақтан кристалл түзетін бактерияларды бөліп алудың ацетатты әдісі; дельта-эндотоксиндерінің электрофорезді спектрлері бойынша кристалл түзетін бактерияларды алдын ала іріктеу; бактерияларды бактериоцидті ақуызын сипаттау; энтомопатогенді саңырауқұлақтарды бөліп алуға арналған қоректік орталар жетілдірілді. Энтомопатогенді микроорганизмдердің ақуызды екінші метаболиттерін бөліп алу және сипаттаудың әдістері қарастырылды.
  • Ашикбаев Н.Ж, А.Ж. Агибаев, О.Н. Прокафьев. Энтомофаги вредных насекомых и гербифаги сорных растений.- Алматы, 2000.-114 бет.
  • Бондаренко Н.В. Биолигическая защита растений.- М.: Агропромиздат, 2003-298 бет.
  • Сағитов А.О, Ашикбаев Н.Ж. Өсімдікті биологиялық қорғау, оқулық – Алматы, 2012

Пайдаланылған әдебиет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет