Осы факторлар өзгерген кезде сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:
Q = f ( P, P , P , . . . , I, T)
a
b
S
a
b
Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды, бірақ кей уақытта анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамы және қалауы болып табылады.Талғам – сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруінен не жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі мүмкін.
Талғам өзгерісі: 1) уақыт өтуіне байланысты ( мода, киім, тамақ)
2) Денсаулығына байланысты (жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне )
Бағаның өзгеруін күту. Адамдар тауардың бағасы түседі деп күтсе, сол тауарға деген сұраныс көбейіп, сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше
Ұсыныс туралы түсінік
Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемінің арасындағы байланысты айтамыз.
Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі, яғни баға мен ұсыныстың тура қатынаста болады.