ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:Мұнай - газ ісі
СӨЖ
Тақырыбы:_Теңіз мұнай-газ кен орны_
Пәні: Мұнай-газ ісініңнегіздері_
Курс: _2_
Топ: _ 6B07217-Мұнай және газды тасымалдау_
Студент: _Балмаханбет Алуа
Оқытушы: _Токсамбаева Райгуль Канихановна__
Тараз 2020
Жоспар:
Кіріспе ................................................................................................................. ..3
Теңіз мұнай-газ кен орны...........................................................4-5
1. 1. Дүние жүзіндегі бірегей газ кен орындарының бірі....................................5
1. 2. Теңіз мұнай кен орынының ашылуы туралы..........................................6-10
Қорытынды ...........................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................12
Кіріспе
Мұнай өнеркәсібі– отын өнеркәсібіндегі жетекші рөл атқаратын сала. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды. Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.
Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.
1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.
1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.
Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.
Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.
Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:
«Шеврон-Тексако» (Теңіз)
ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).
«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.
Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омбы-Павлодар-Шымкент.
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.
1. Теңіз мұнай-газ кен орны
2. 1. Дүние жүзіндегі бірегей газ кен орындарының бірі.
Теңіз мұнай кен орны — Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Теңіз кен орны 1981 жылы ашылған, № 1 ұңғымасынан мұнайдың фонтанды ағыны алынған. Кен орнының ең бірінші технологиялық схемасы Гипровостокнефть институтымен 1986 жылы құрастырылған және КСРО Миннефтепроммен бекітілген.
Теңіз кен орны 1991 жылдың сәуірінде тәжірибелі - өндірістік эксплуатацияға енгізілді, ал 1993 жылдың 6 сәуірінен бастап кен орынды «Тенгизшевройл» компаниясы игере бастады.
Теңіз мұнай кен орны - Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Ол 1979 жылғы 18 желтоқсанда ашылып, 1991 жылы сәуір айында пайдалануға берілді.
Географиялық орны: Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Әкімшілік жағынан алғанда Теңіз кен орны Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы Жылыой ауданында орналасқан. Географиялық жығынан кен орын Каспий маңы бассейнінің оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Осы аймақтағы барланған мұнай қорының негізгі бөлігі бойынша палеозой қимасының тұз асты бөлігіне кіреді. Бұл жерде Теңіз кен орнынан басқа тұз асты қабатына жататын бірнеше мұнай, газ және конденсат кен орындары бар. Оларға Қарашығанақ, солтүстіктегі Оренбург, Кеңқияқ және солтүстік-батыстағы Жаңажол, батыстағы Астрахань сияқты кен орындары және жақында ашылған Каспий теңізі шельфінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Қашаған кен орны жатады. Теңіз кен орны диаметрі 500 км болатын ірі шеңбер тәрізді карбонатты құрылым кешенінің бөлігі болып табылады және бұл құрылымға Королев, Каратон, Тәжғали, Пустынная және Қашаған кен орындары кіреді.
Рельефтің орташа абсолюттік белгілері минус 25 м құрайды. Шөл далаға лайықты, территория өсімдіктері кедей және тікенекті. Жантақ, жусан көп тараған әр жерде қамыста кездеседі. Өсімдік әлемінің кедейлігіне тәуелді жануар әлемі де аса байлығымен ерекшеленбейді, жануарлар әлемінің басым бөлігін кемірушілер тобы құрайды. Өзендер жүйесі жоқ. Аймақ климаты күрт континентальді қысы суық (-300С дейін), жазы ыстық (+ 450С дейін). Әдетте қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыздың аяғына дейін сақталады.Топырақтың қату тереңдігі 1,5-2 м жетеді. Жауын шашын негізінен көктемгі және күзгі мезгілдерінде жауады, оның жылдық орташа көлемі 200 мм аспайды. Аймақ күшті желдермен сипатталады: қыста шығыс және солтүстік-шығыс бағытындағы, жазда батыс және солтүстік батыс бағытандағы желдер басым болып келеді. Қыста қарлы борандар, жазда құрғақ желдер және құмды борандар жиі болып тұрады. Жақын елді мекендер- пос.Қаратон мен Сарықамыс, Теңіз кенорнынан сәйкесінше солтүстік-шығысқа 35 шақырым және оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан. 150 шақырым жерде облыс орталығы-Атырау орналасқан.
Дүние жүзіндегі бірегей –газ кен орындарының бірі – Теңіз кен орыны аумағында мұнай қоры бар екені сейсмобарлау арқылы 1974 жылы белгілі болып барлау –бұрғылау арқылы 1979 жылы ашылды.
Мұнайлы алаң 226 квадрат км, мұнай–газ 3867-5415 тереңдіктегі тұз асты қабаттарында. Теңіз мұнай алаңын игерудің көп қаржы үлкен технологияны қажет ететіні белгілі болды.
1985 жылы шілдеде Мұнай өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Теңіз Мұнай кен орынынң ашылуына және оған таяу тұзасты структураларының үлкен болашағы бар екеніне байланысты «Теңізнефтегаз» өндірістік білестігі құрылды.
Мұнай алаңын бірте–бірте іске қосу, мұнай алуға дайындық жүргізуде қиындықты сәттер болмай қалған жоқ.
Оның біреуі 1985 жылы маусымның 25-де Теңіз алаңындағы №37 скважинда болған бұрын соңды болмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |