Сөж тақырыбы: «Түрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері» тақырыбында зерттеу жұмысын жазу, презентациялау Орындаған: Курбаналиева Л. Н. Тексерген: Арынова Г.Ғ. Алматы 2021



бет5/8
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#120436
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРС-3 дидактика

Бастауыш сынып жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.
Бастуыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2 – 2,7 кг. өседі. Алты жастан он екі жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есеге артады, бала миының көлемі ұлғаяды, нерв жүйесінің жетілуі жалғасады.
Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Біздің елдің ғылымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.


Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдантұрады:
Жаңа туғавн бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).
Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).
Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).
Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).
Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).
Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).
Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).
Мектепек балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс — әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.
Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 снтиметрге дейін өседі де, слмағы 14 килограмнан 22 килогамға дейін артады. Бұл кезде балалар күнгделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалр ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер бапйқалады. Олардың бұлшықеттері күші ртады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарықшарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 32 – 35 кг. Шамасында болады. Бұл жастығы балалардың іс — әрекеті — оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды ереітілікке-, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жаауға тәрбиелейді.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте – бірте еңбекке баулу, жанұя, ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің (үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, сая бақта бақша өсіру, үй жанындағы бау -бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7 –12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алынғаны жөн.
Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б. балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата – аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адапмдардың жібергшен қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.
Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылдайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата – аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет