Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады.
Екінші жас – бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.
Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады.