Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.
Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес енрекшеліктерін дамытудыжан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті “ең таяу даму зонасы” жасап, оның келешекте “көкейткті даму зонасына ” айналуын қамтамсыз етеді.
Мұғалім күнделікті оқу-тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке ала отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әртүрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға : кейбір баланың оқу материлын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс-әрекеттерінің барысынгдағы белсенділік немесе енжарлық, бр баланың байсалды, ұстамды болуы, неесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б. Осы сияқта әр түрлі дара айырмашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын жоспардауда еске алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайла жасап, нақты шаралар белгілейді.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке авдамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |