Сөж Тақырып: «Қазақ газеті және Абайтану ілім»



Дата16.01.2022
өлшемі35,07 Kb.
#112280
Байланысты:
15 Сөж мәдениеттану



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Сөж

Тақырып: «Қазақ газеті және Абайтану ілім»

Қабылдаған: Саурбаева Р.С.

Алматы 2021

Жоспар:


  1. Кіріспе:

    1. «Қазақ» газеті…

  2. Негізгі бөлім:

    1. «Қазақ» газетіндегі ұлт зиялыларының Абай жайлы пікірі

    2. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ» газетін Абай мектебіне айналдыруы…

  3. Қорытынды.

1905 жылғы революциядан кейін-ақ Ресей қол астындағы отарланған шет аймақтарда ұлттық сана оянып, жаңадан баспасөз орындары пайда болып, көбейе түсті. Осы тұста қазақ азаматтары да қозғалып, қоғамдық ой-санаға қозғау салған газет-журналдар сала бастады. Соның бірі-“Қазақ” газеті болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ой-санасында ояну дәуірінің басты сарыны “Қазақ” газетінде көрініс беріп жатты. Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалау, наисхаттау жайы да сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамның отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарыны тұрғысынан жүргізіледі.

Қазақ елінің интеллегенциялары ашқан, барлық жаңалықты біздің елде өз тілінде оқып, мәлімет ала алады деп – «Қазақ» газетін жарыққа шығарды. Газетте қазақтың білімділерінің өлеңдерін, шығармаларын шығарып, халыққа таныстырды және Кеңес өкіметінің шығарған заңнамаларын да мақала ретінде шығарып отырды.

Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. Ең алғаш 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет қана, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі болды. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналған еді. Бұдан кейін пайда болған барша газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

Қазақ әдебиетінің ұлы ойшыл, ақыны Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай “Айқап”, “Қазақ” баспасөз беттерінде қазақ әдеби сынының нышаны белгі бере бастады. Соның нәтижесінде, 1914 жылғы – №51 санында Міржақып Дулатұлының «Абай» атты мақаласы жарық көрді.

Жаңадан қалыптаса бастаған әдеби сын, әсіресе, Абайдың әдеби мұрасының асыл мұраттарын, ақындық өнер жолын танып бағалау, таныту, насихаттау жолындағы әрекет қанат жая бастаған-ды. Осы мәселені қолға алып сөз етуде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатұлы, Нәзір ТТөреқұловсынды ұлт зиялылары Абай шығармаларының әлеуметтік, халықтық бетін негізгі идеялық бағдарын жұртшылыққа өздері ұстанған ұлттық ояну сарыны тұрғысынан танып, бағалауға жол ашты деректер болады.

Міржақып Дулатұлы “Қазақ” газетінде жарияланған “Абай”, “Дауқұмар” мақаласында айтарлықтай мәні бар, терең ой салатын мәселені көтере білді. Абай мұрасын халықтың тарихи жадының көрінісі деп ұғынды.

“Қазақ” газетін ұйымдастырушылар Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ұлы ақын мұрасын танып-білу, насихаттау жолында қоғамдық ойды алғаш рет саналы түрде бағыттаған ұйымдасу орталығы болып табылады. Түрлі әдеби кештер туралы хабарлар беріп, 1913 жылдан бастап Абайға арналған алғашқы мақала, зерттеулері де жиі жариялауы осының дәлелі болып табылады.

«Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы сол. Бәлки мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай» деп жазды Міржақып Дулатұлы.

Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламынан шықты. Абай туралы “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 39-41– сандарында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың “А. Б.” деп қол қойған “Қазақтың бас ақыны” атты көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы алғаш тереңнен тартып ой айтылған. Абай өлеңінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығы екеніне көз жеткізген А.Байтұрсынов: “Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ” деген тың да түйінді тұжырым жасайды.

Ахмет Байтұрсынов газетке Ұлы Абайды шығаруы жайлы айтқан пікірі: “1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойлап дағдыланған адамдар болмаса, біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас». Яғни, бұл сөздерімен жас ақын-жазушыларға Абайдан үлгі алуын басты назарға қойған секілді. Жалпы Ахмет Байтұрсынов қалың жұртқа Абайды таныстыру мақсатында оның шығармаларын газет бетіне жиі жариялап тұрған. Ол “Қазақ” газетін екінші Абай мектебіне айналдырды. Ахмет айналасындағы алаш зиялылары өздерінің шығармалары арқылы Абай дәстүрін әрі қарай жалғастырды.

Ахмет Байтұрсынов Абайды оқу үстіндегі өз тәжірибесіне өзіндік түйсіну сезіміне сүйене отырып тұжырымдалған ерекше пікірі – ақын сөзін оқырман атаулының бірден ала алмайтын, тереңдеп бойлап ене бермейтін ерекшелікті ескертуінде жатыр.

Ал Нәзір Төреқұловтың “Әдебиетімізге көз салу” деген мақаласы “Қазақ” бетінде айтылған пікірлерді жалғастыра отырып, Абай мұрасы жайлы тіпті ғылыми теориялық байламдарға келеді. Яғни автор “Абайдан кейінгі қазақ әдебиет қай жолмен, қай бағытпен жүруі керек? Кімге ерсек жөн болмақ?” деген үзілді-кесілді сұрақты қоғамдық ойдың сарабына салумен ерекшеленеді. Ұсынған автор өзіндік пікір-танымын 1916 жылдың өзінде қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі үшін күресіп, әдебиетке абайлық сара бағытты жете танып барып ұсынған. Сол себепті Абай - әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біз үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін араб, парсы жолы да ашық еді. Өйткені Абай шығыстың әдебиеті мен мәдениетін Батыстан кем білмеген. Бірақ Абайдың орыс классикалық әдебиетінің реалистік бағытын ұстанып, бұл жолдың қазақ әдебиет тағдыры мен болашағы үшін шешуші мәні бар жол екенін нақты білді. Бұл пікір төңкеріске дейінгі қазақ қауымының ой-санасында Абайдың әдеби мұрасын таныту мен бағалауда сол мұраның бағыт-бағдарын жете танып білген жасампаз пікір болды.

Абайды әр қырынан ашуға тырысқан мағыналы мақалада мынадай жолдар бар: «Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет-ықыласпен күтіп алып, төр түгіл тақтан орын берген. Бірақ басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай, оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тыңдаушының көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, тыңдалып жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жазушылар болса да, келістіріп жазушылары ішінде бірен-саран таңдама екендігі, жұрт мағыналы, терең сөзден гөрі мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп өте шығатын жеңіл сөздерді таңдауға құмар екендігі Абайдың өлең жайынан жазған сөздерінде көрсетілген»

Сол заманның ауыртпалығын, елдің басына түскен зорлық-зомбылықты терең сезініп, жүрегімен түсініп, жырлай білген Абайды «Қазақ» газетінің авторлары пір тұтқан, ұлы ұстаз тұтқан. Ахмет Байтұрсынов аталмыш мақаласында Абай өлеңдерін қабылдау қиынға соғатындығын айта келіп, «…Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас, бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағандығынан болатын кемшілік», - деп те сыни пікір қалдырған болатын. Ұлт зиялыларының бізге көрсеткен Ұлы Абай атамызға деген құрметінің биіктігі арадан қанша жыл, ғасыр өтсе де өшпес.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008.

Интернет ресурстары: www.wikipedia.kz

«Abai» телеканалы



С. Мақпырұлы, Т. Сыдықов. Қазақ әдебиеті — 2011 жылы Астана қаласы «Фолиант» баспасы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет