3.Жер бедері формаларын қалыптастырушы процестер Таулардың түзіліс процестері. Жер бетіндегі таулардың көпшілігі жер қыртысының кей жерлерінде қалыңдығы 12—18 км-ге дейін баратын шөгінді жыныстар жинақталған қалың қабаттарымен қоса созылып жатқан теңіз ойпаңдарында тау жасалу қозғалыстары нәтижесінде пайда болған. Қөлденең орналасқан қабаттар тау жасалу кезінде қатпарларға ауысад.
Қатпарлы зоналар жер қыртысындағы тербелмелі қозғалыстардың шапшаңдығымен сипатталады. Тік бағытта шапшаң қозғала алатын, қабаттары өте қалың болатын, вулкан әрекеті қызу дамитын белдік формасында созылып жатқан жер қыртысының қозғалғыш бөлігі геосинклиналъ деп аталады. Қатпарлық белдікте геосинклиналь да түзіледі.
Нашар созылатын жыныстар орналасқан жерлердегі қатпарлылық әлсіздеу болып білінеді.